ҚазҰУ өкілдері SM Science Fair 2025 халықаралық конференциясының қазылар алқасындаFarabi University

ҚазҰУ өкілдері SM Science Fair 2025 халықаралық конференциясының қазылар алқасында

26 мамыр, 2025

2025 жылдың көктемінде өткен V Халықаралық ғылыми конференция SM Science Fair 2025 аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері – «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, PhD, Кондыбаева Салтанат Канапияевна және кафедра меңгерушісінің орынбасары, Нұрғазы Шыңғыс Әскербекұлы – қазылар алқасының құрамында қызмет атқарды. Кондыбаева С.К. конференцияның финалдық кезеңінде қазылар алқасының төрағасы ретінде, ал Нұрғазы Ш.Ә. қазылар алқасының мүшесі ретінде жас зерттеушілердің жобаларын бағалады.

Шараны ұйымдастырған «Альтернатива SM» қорының басты мақсаты – талантты оқушыларды қолдау және оларды ғылыми-зерттеу қызметіне ерте кезеңнен тарту. Конференцияның финалына Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 150-ден астам оқушы (7–12 сыныптар) іріктеліп, өз ғылыми жобаларын қорғады.

Университет өкілдерінің ғылыми сараптамаға қатысуы жоғары оқу орны мен мектеп оқушылары арасындағы академиялық байланысты нығайтуға, сондай-ақ келешек ғалымдарға бағыт-бағдар беруге ықпал етті.