- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сауд Арабиясы Корольдігінен келген қонақтар ҚазҰУ басқарма төрағасының орынбасары, Бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Ерманұлы Дүйсеновтің қабылдауында
Сауд Арабиясы Корольдігінен келген қонақтар ҚазҰУ басқарма төрағасының орынбасары, Бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Ерманұлы Дүйсеновтің қабылдауында

2025 жылдың 26 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының араб тілі оқытушылары мен университеттің Шығыстану факультетінің араб бөлімінің студенттеріне арналған халықаралық тренинг өз жұмысын бастады.
Аталған жоба әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласындағы Король Салман атындағы Халықаралық араб тілі академиясы арасында жасалған Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жүзеге асырылуда.
Тренинг жұмысына Алматы қаласындағы әртүрлі жоғары оқу орындарынан келген 25 араб тілі оқытушысы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 30 студенті қатысуда.
Іс-шараның алғашқы күні аяқталғаннан кейін ҚазҰУ басқарма төрағасының орынбасары, Бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Ерманұлы Дүйсенов Король Салман атындағы Халықаралық араб тілі академиясының өкілдері — академияның Лингвистикалық корпустар департаментінің директоры доктор Афрах ат-Тамими мен Академия қызметкері Ухуд аш-Шалауиді қабылдады.
Кездесуге Шығыстану факультетінің деканы Наталья Борисовна Ем, Арабтану орталығының директоры Баян Нұрсұлтанқызы Жубатова және филология ғылымдарының кандидаты, арабтанушы Жанетта Райымбекқызы Сейтметова қатысты.
Келелі кездесуде тараптар университеттегі арабтану саласының даму келешегі мен оны кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Академия өкілдері ҚазҰУ басшылығына көрсеткен құрметі мен қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, осындай маңызды халықаралық іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын жеткізді.
Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы филол.ғ.д., профессор
Басқа жаңалықтар
