- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2025 жылдың 26 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының араб тілі оқытушылары мен университеттің Шығыстану факультетінің араб бөлімінің студенттеріне арналған халықаралық тренинг өз жұмысын бастады
2025 жылдың 26 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының араб тілі оқытушылары мен университеттің Шығыстану факультетінің араб бөлімінің студенттеріне арналған халықаралық тренинг өз жұмысын бастады

Аталған жоба әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласындағы Король Салман атындағы Халықаралық араб тілі академиясы арасында жасалған Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жүзеге асырылуда.
Тренинг жұмысына Алматы қаласындағы әртүрлі жоғары оқу орындарынан келген 25 араб тілі оқытушысы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 30 студенті қатысуда.
Іс-шараның алғашқы күні делегация мүшелерін факультет деканы Ем Н.Б. қабылдады. атындағы Халықаралық араб тілі академиясының өкілдері — академияның Лингвистикалық корпустар департаментінің директоры доктор Афрах ат-Тамими мен Академия қызметкері Ухуд аш-Шалауи деканға академия ның Бас консулы Абдолла ал-Уашмидің алғысын жеткізді. Делегация семинардың өткізуге қолдау көрсеткен университет ректоры Ж.Түймебаев мырзаға, проректорларға, факультет деканы мен кафедра меңгерушілеріне алғысын білдіріп, семинардың ұйымдастырылуы жоғары деңгейде деп баға берді.
Факультет деканы алдағы жаңа оқу жылына жаңа студенттер қабылдауда арабтану бөлімі алдында үлкен міндеттер тұрғанын, Академия сияқты беделді ұйымдардың қолдауы өте маңызды екенін көрсетті. Алдағы кампанияға қатысуға шақырды. Академия өкілі өз тарапынан оқуға түскен студенттерге Академияда 3 айға қабылдап, оларды ынталандыру шараларын жүргізу мүмкіндігі н бар екенін айтты. Сауд Арабиясыдағы Академияндағы практикадан өту мүмкіндігі, студенттерге арналған «Хамза» сынағы», «Араб тілін үйренуде жаңа технологияны пайдалану» секілді тақырыптағы семинарлардың қажеттігі т.с.с. мәселелер талқыланды
Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы филол.ғ.д., профессор
Басқа жаңалықтар
