- Басты бет
- Жаңалықтар
- Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті араб бөлімінің студенттері үшін «Академиялық Хамза тесті» тақырыбындағы тренинг өз жүмысын бастады
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті араб бөлімінің студенттері үшін «Академиялық Хамза тесті» тақырыбындағы тренинг өз жүмысын бастады

Тренинг ұйымдастырушысы: Король Салман атындағы Ғаламдық Араб Тілі Академиясы (Сауд Арабиясы, Эр-Рияд).
Коуч: Ахуд аш-Шалви — мониторнг бөлімінің аға маманы, білім саласының өкілі, Король Салман атындағы Ғаламдық Араб Тілі Академиясы (Сауд Арабиясы, Эр-Рияд).
Студенттер саны: 30.
Академиялық «Хамза» тесті — араб тілін ана тілі етпейтін тұлғалардың тілдік құзыреттілігін бағалауға арналған стандартталған емтихан және академиялық мақсаттарға бағытталған. Бұл тест Король Салман атындағы Ғаламдық Араб Тілі Орталығы тарапынан, шетел тілдерін меңгеру деңгейлерін анықтаудың Еуропалық ортақ стандарттарға (CEFR) сәйкес әзірленген. Тест A2 деңгейінен C1 деңгейіне дейінгі төрт деңгейді қамтиды. Оның мақсаты — араб тілінің ғылыми және мәдени мәртебесін халықаралық деңгейде нығайту, тілдік құзыреттілікті өлшеудің әмбебап құралы болу және университеттер мен оқу орындарына студенттердің тілдік дайындығы туралы сенімді ақпарат беру. Тест құрылымы төрт бөлімнен тұрады: тыңдалым, оқу, жазу және сөйлеу. Жалпы ұзақтығы – 155 минут, барлығы 75 тапсырма бар. Тест екі форматта өткізіледі: аккредиттелген орталықтарда офлайн және қашықтан онлайн түрде қашықтан. Мақсатты аудиториясы — араб тілін оқитын студенттер, мұғалімдер және тілдік дайындығын бағалауға мүдделі ұйымдар.
Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы, филол.ғ.д., қауымдастырылған профессор
Басқа жаңалықтар
