Студенттер оқу практикасы барысында Ұлттық кітапханада болдыFarabi University

Студенттер оқу практикасы барысында Ұлттық кітапханада болды

27 мамыр, 2025

            27 мамырда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 1 курс студенттері оқу практикасы барысында ұстаздарымен бірге Ұлттық кітапханаға барды. Олар кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметі жұмысымен танысты, оларды осы бөлімнің  жетекшісі Абикова Гүлшат Мәсәлімқызының өзі қарсы алып, кітапхана қорындағы бөлімдегі сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларды сақтау, өңдеу жұмыстары туралы айтып берді. Бұл бөлімде 40 мыңға жуық кітаптар сақталған, оның 1000-ға жуығы қолжазба кітаптар болып табылады. Студенттер сондай-ақ Әлем әдебиеті қызметіне де барып, ол жерде де сол бөлімнің басшысы Тұяқова Сәлима Тоқтасынқызымен танысты. Бұл бөлімде әлемнің 130-дан астам тілдерінде жазылған кітап қоры бар екен.