- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы "Жібек жолы" әдеби апталығының ашылуына қатысты
Қытайтану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы "Жібек жолы" әдеби апталығының ашылуына қатысты

2025 жылдың 31 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанда өтетін "Жібек жолы" атты әдеби апталығының салтанатты ашылуы өтті. Халықаралық деңгейдегі бұл шара тарихи Жібек жолы бойында орналасқан елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.
Салтанатты шараға Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің төраға орынбасары Ху Хэпин, ҚазҰУ ректоры – басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй, Қытайдың кітап импорт-экспорт корпорациясының атқарушы директоры Ли Хунвэн, сондай-ақ оқытушылар, ғалымдар мен студенттер қатысты.
Шараға Шығыстану факультетінің деканы Ем Н.Б. бірге Қытайтану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы белсене қатысты. Кафедра өкілдері өздерінің білім беру бағдарламалары, ғылыми жобалары мен Қытайды зерттеу саласындағы жетістіктерін көрсеткен ақпараттық стенд ұйымдастырды.
Апта аясында қытайлық делегация ҚазҰУ-дың "Фараби" кітапханасына Қытайдың үздік 100 кітабын тарту етті. Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы ағартушылық және академиялық байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Басқа жаңалықтар

