Академиялық үшжақты ынтымақтастық: Мордов университетінде Қазақстан, Ресей және Қытай арасындағы тілдік білім беру саласындағы серіктестік талқыландыFarabi University

Академиялық үшжақты ынтымақтастық: Мордов университетінде Қазақстан, Ресей және Қытай арасындағы тілдік білім беру саласындағы серіктестік талқыланды

11 маусым, 2025

2025 жылдың 5 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы Мордовия мемлекеттік университетінде өткен Қазақстан, Ресей және Қытай арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамытуға арналған  кездесуге қатысты. Кездесуге Мордовия мемлекеттік университетінің ректоры Дмитрий Евгеньевич Глушко, Мордовия Республикасының әкімі Владимир Быков, шет тілдері факультетінің деканы Буренина Наталья Викторовна, Н.П.Огарев атындағы Мордовия ғылыми-зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты. 
Кездесу барысында тілдік білім беру саласындағы ынтымақтастықтың болашақ бағыттары талқыланды. Ресей студенттеріне қытай тілін, ал қытай студенттеріне орыс тілін үйрету бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Кездесу қатысушылары үш ел арасындағы академиялық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, студенттер алмасуын дамыту және екіжақты білім беру жобаларын жүзеге асыру бойынша әрі қарай бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындықтарын білдірді. Бұл іс-шара жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен Қазақстан, Ресей және Қытай арасындағы мәдениаралық диалогты нығайту жолында тағы бір маңызды қадам болды.