Қытайтану кафедрасының студенті ҚР Сыртқы істер министрлігінде тәжірибеден өтуде: дипломатия жолындағы алғашқы қадамдарFarabi University

Қытайтану кафедрасының студенті ҚР Сыртқы істер министрлігінде тәжірибеден өтуде: дипломатия жолындағы алғашқы қадамдар

16 маусым, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының 3 курс студенті Тулеухан Батыр Ұланұлы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде өндірістік тәжірибеден өтуде. Студенттің айтуынша, бұл тәжірибе кәсіби қалыптасудағы маңызды кезең болып, сыртқы саяси ведомствоның ішкі жұмысымен танысуға бірегей мүмкіндік берген.

Алғашқы кезеңде ол Еуропа департаментінде халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға, ресми құжаттарды аударуға, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Хорватия Премьер-министрімен ресми кешкі ас мәзірін аударуға қатысқан. Сонымен қатар, мемлекеттік органдармен байланыс орнатып, Солтүстік Македония делегациясы мен Еуропа кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсенің сапарына қатысты қызметтік жазбаларды дайындаған.

Кейін ол Мемлекеттік протокол бөліміне ауыстырылып, 17 маусымда өтетін «Еуразия + Қытай» (5+1 форматы) халықаралық саммитін дайындауға қатысып жүр. Оның міндетіне дипломаттарды аккредитациялау, шетелдік өкілдерге ЖСН алуға өтінім рәсімдеу және ресми кездесулер өтетін залдарды дайындау кіреді.

«Мен үлкен жауапкершілікті сезініп, нақты халықаралық үдерістердің бір бөлшегі болғаныма қуаныштымын. Бұл тәжірибе мамандығымды дұрыс таңдағаныма сенімділігімді нығайтты», — дейді Батыр.

ҚР СІМ-дегі тәжірибе жас шығыстанушы үшін маңызды тәжірибе ғана емес, сонымен қатар кәсіби өсудің нақты баспалдағына айналды.

Практика жетекшісі Күнбай Ж.