ҚазҰУ қытайтанушылары Қытайдағы халықаралық конференцияда баяндама жасады

2025 жылдың 13–15 маусымы аралығында Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында «Орталық Азия елдерін аймақтану және елтану контекстінде зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Шараны Қытайдың Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу ассоциациясы, Қытай Жоғары білім беру қауымдастығының аймақтану мектебі және Солтүстік-Батыс политехникалық университеті бірлесіп ұйымдастырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қосымша ұйымдастырушы ретінде атсалысты.
Конференция «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы білім, ғылым және мәдени байланыстарды дамытуға бағытталды. Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің кампусында өткен шараға Орталық Азияның бес елінен және Қазақстанның жоғары оқу орындарынан жетекші ғалымдар қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасынан Керімбаев Ержан, Дәулет Фатимабибі, Қалиолла Ардақ, Қойбақова Айжан және Қатбаева Гүлмира сынды оқытушы-ғалымдар қатысып, қытай тілінде баяндамалар жасады. Кафедра өкілдерінің ғылыми мазмұны терең баяндамалары қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Мұндай конференциялар халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстандық зерттеушілердің академиялық белсенділігін арттыруға сеп болады.
Басқа жаңалықтар

