«Қазақстанда саяхаттауға арналған жапон тілі» оқулығының тұсаукесері

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің оқытушылары Ниномия Такаши, Боранқұлова Самал және Нурелова Аcия Халықаралық Жапон қорының қолдауымен «Қазақстанда саяхаттауға арнаған жапон тілі» оқулығын шығарды. 2025 жылдың 13 маусымында оқулықтың жарық көруіне орай, жапон саяхатшыларына арналған жапон тілі бойынша семинар өтті. Семинарға Цукуба университетінің оқытушылары, оқулықтың жазылып, жарық көруіне қолдау көрсеткен демеушілік ұйымдар Халықаралық Жапон қоры мен Тошиба қорының өкілдері, Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі А.Б. Абаған, жапонтану бөлімінің оқытушылары қатысты. Семинарда Цукуба университетінің профессоры Оно Масаки мырза Цукуба университеті мен ҚазҰУ-дың жапон тілін оқытудың бірлескен зерттеу жобасымен таныстырып, ал ҚазҰУ-дың оқытуышылары Ниномия Такаши, Боранқұлова Самал және Нурелова Асия жарық көрген оқулықтың мазмұнымен таныстырды.
Басқа жаңалықтар

