ҚАЗҰУ ПРОФЕССОРЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНЕ ҚАТЫСТЫ

2025 жылғы 23–27 маусым аралығында «Түркі әлемінің гүлденуі» атты Екінші жазғы мектеп өтті. Аталған бағдарлама аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің профессоры Ерекешева Лаура Гибратовна дәріскер ретінде қатысып, баяндама жасады.
Іс-шара Түркиядағы Ибн Халдун университетінің жанындағы Гейдар Әлиев атындағы Еуразиялық зерттеулер орталығының базасында ұйымдастырылды. Жазғы мектеп бағдарламасы Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен және бірқатар жетекші түркі университеттерімен серіктестікте өткізілді. Олардың қатарында ADA университеті (Әзербайжан), Дүниежүзілік экономика және дипломатия университеті (Өзбекстан), Üsküdar университетінің жанындағы ÜSSAM зерттеу орталығы (Түркия) және Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Қазақстан) бар.
Жазғы мектеп түркі интеграциясының өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми тәжірибе алмасуға және аймақ елдері арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға маңызды алаңға айналды.
Басқа жаңалықтар
