«Ақпараттық технологиялар дәуіріндегі корейтану» атты ХІІІ халықаралық ғылыми конференциясыFarabi University

«Ақпараттық технологиялар дәуіріндегі корейтану» атты ХІІІ халықаралық ғылыми конференциясы

29 маусым, 2025

2025 жылғы 27-28 маусым күндері Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында орналасқан Орталық Азиядағы корей институтында «Ақпараттық технологиялар дәуіріндегі корейтану» тақырыбындағы ХІІІ халықаралық ғылыми конференция өтті.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған бұл маңызды ғылыми жиынға Орталық Азия елдерінен, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Корея Республикасымен қатар Түркия, Ресей елдерінен келген белгілі корейтанушылар мен жас зерттеушілер қатысты.

Аталған конференцияға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлық құрамы да белсене қатысып, заманауи корейтану ғылымының өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар жасады. Баяндамаларда ақпараттық технологиялардың корей тілін оқытудағы, корей әдебиеті мен мәдениетін зерттеудегі жаңа әдістері мен мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.

Конференция барысында қатысушылар корейтанудың болашағы, цифрлық дәуірдегі гуманитарлық ғылымдардың интеграциясы, сондай-ақ Орталық Азия мен Корея арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту мәселелерін көтерді.

Іс-шара ғылыми қауымдастықтың тәжірибе алмасуына, өзекті ғылыми идеяларды ортаға салуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға тың серпін берді.