Қытайтану кафедрасының 1 курс студенттері көшбасшылық дәріс тыңдадыFarabi University

Қытайтану кафедрасының 1 курс студенттері көшбасшылық дәріс тыңдады

5 қыркүйек, 2025

Қытайтану кафедрасының 1 курс студенттері кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, PhD, аға оқытушы Е.А.Керімбаевтың «Шығысты оқы, таңырқа» атты көшбасшылық дәрісін тыңдады.

Дәріс барысында студенттер таңдаған мамандықтарының ерекшеліктері мен болашағы жайында құнды ақпарат алды. Сонымен қатар, Қытай елінің тарихы, мәдениеті, экономикасы мен қазіргі геосаяси рөлі туралы кеңінен мәлімет берілді. Спикер студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған нақты деректер мен мысалдар келтірді.

Кездесу интерактивті түрде өтті: студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, Қытайтану ғылымының қазіргі заманғы бағыттары мен болашағы жайлы пікір алмасты.

Мұндай дәрістер студенттердің кәсіби бағдарын нығайтып қана қоймай, таңдаған мамандығына деген жауапкершілік сезімін арттырады. Сонымен бірге, жас қытайтанушылардың ғылыми-зерттеу ісіне ынтасын оятып, болашақтағы академиялық және кәсіби жетістіктеріне жол ашады.