- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының оқытушысы Далянь политехникалық университетінде тағылымдамадан өтті
Қытайтану кафедрасының оқытушысы Далянь политехникалық университетінде тағылымдамадан өтті

2025 жылғы 18–31 тамыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы Далянь политехникалық университетінің шақыруымен біліктілікті арттыру курсынан өтті. Бағдарлама ТМД елдері жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналып ұйымдастырылып, оған Ресей, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан және Армения өкілдері қатысты.
Оқу барысында заманауи білім берудің өзекті мәселелері қарастырылды: оқу процесін цифрландыру, қытай тілін оқытудың инновациялық әдістері, мәдениетаралық коммуникация, академиялық ұтқырлық және халықаралық ғылыми ынтымақтастық. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулерді жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялау мәселесіне ерекше назар аударылды.Бағдарлама аясында Қытайдың жетекші профессорлары дәрістер оқып, тәжірибелік семинарлар, дөңгелек үстелдер мен пікірталастар өткізді. Қатысушылар тәжірибе алмасып, трансұлттық білім берудің мүмкіндіктері мен мәселелерін талқылап, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын айқындады.
Оқу бағдарламасынан бөлек, қатысушыларға мәдени бағдарлама ұсынылды. Оның аясында олар Тяньцзинь және Бейжің қалаларына барып, тарихи-архитектуралық ескерткіштер мен Қытайдың бай мәдени мұрасымен танысты. Тяньцзинь қаласында Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы университет оқытушыларының атынан «МИР» телеарнасына сұхбат беріп, бағдарлама туралы әсерлерімен және халықаралық академиялық ынтымақтастықтың маңыздылығымен бөлісті. Бұл сапарлар мен кездесулер қытайтану саласының мамандары үшін ұлттық мәдениет пен дәстүрді тереңірек түсінуге ықпал етті.
Мұндай бастамалар академиялық байланыстарды нығайтып қана қоймай, бірлескен зерттеулердің жаңа көкжиектерін ашады. Қазақстан үшін бұл ынтымақтастық халықаралық ғылыми-білім беру серіктестігін дамытудағы маңызды қадамға айналса, қытайтану кафедрасы үшін ғылыми көкжиектерді кеңейту мен оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізудегі маңызды белес болды.
Басқа жаңалықтар


