Қытайтану кафедрасының оқытушылары Сянь Синхайдың мерейтойына арналған концертке қатыстыFarabi University

Қытайтану кафедрасының оқытушылары Сянь Синхайдың мерейтойына арналған концертке қатысты

4 қыркүйек, 2025

      2025 жылғы 3 қыркүйекте ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй ханымның шақыруымен Шығыстану факультетінің деканы М.Ш. Эгамбердиев, қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ф.Оразақынқызы және қытайтану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы көрнекті қытай халық музыканты Сянь Синхайдың туғанына 120 жыл толуына арналған салтанатты концертке қатысты.
     Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, мәдениет және білім ұйымдары, сондай-ақ өнер қайраткерлері жиналды. Белгілі музыканттардың орындауында ұлы композитордың шығармалары шырқалып, оның өнері Қытайдың рухани төзімділігінің, отансүйгіштігінің және мәдени мұрасының нышаны ретінде дәріптелді.
       Қазақстандық шығыстанушы ғалымдар мен оқытушылардың қатысуы бұл оқиғаның маңызын арттырып, Қытайдың мәдени дәстүрлеріне құрметпен қарауды ғана емес, мәдениетаралық диалогты дамытуға деген талпынысты да айқындады. Мұндай бастамалар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтып қана қоймай, ғылыми ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, білім мен мәдениет саласындағы халықаралық әріптестіктің көкжиегін кеңейтеді.