- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының II отырысы: Рухани мұра және ғылыми сабақтастық
Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының II отырысы: Рухани мұра және ғылыми сабақтастық

Бұл басқосу ұлттық мәдениет пен руханияттағы ерекше маңызды тарихи оқиға ретінде есте қалды. Жиынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, шығыстанушы, PhD Тұяқбаев Өмір Оразұлы жүргізді. Ол кіріспе сөзінде қолжазбаларды зерттеу, сақтау және ғылыми айналымға енгізудің заманауи әдіснамалық негіздері мен өзекті мәселелеріне тоқталды. «Қазақстандағы мемлекеттік және жеке қолжазба қорлары: ғылыми-практикалық маңызы, заңнамалық, құқықтық мәселелері» тақырыбындағы негізгі баяндама қолжазбатану ғылымының қазіргі жай-күйі мен дамуына тың серпін беретін бағыттар айқындалған.
Жиынға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен шәкірттері қатысты.
Шара аясында қоғам қайраткері Ақан Таңжарықұлының жеке қорындағы қолжазбалар ҚР Ұлттық кітапханасының қорына ресми түрде табысталды. Бұл құнды мұраны қайраткердің қызы Ажар Аханқызы Таниярова Ұлттық кітапхана директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы мен Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Абикова Гүлшат Масалимқызына салтанатты түрде тапсырды. Бұл рәсім қазақ руханияты мен ғылыми қауымдастығы үшін маңызы зор мәдени оқиға ретінде бабалар аманатының ұрпақтан ұрпаққа жетуін қамтамасыз етпек.
Н.Н.Кайранбаева
Басқа жаңалықтар


