«Тұрақты дамудың мақсаттары» (ТДМ) шеңберінде «Тұрақты даму үшінсеріктестік» тармағыаясында Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулымен кездесу өттіFarabi University

«Тұрақты дамудың мақсаттары» (ТДМ) шеңберінде «Тұрақты даму үшінсеріктестік» тармағыаясында Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулымен кездесу өтті

19 қыркүйек, 2025

Бүгін, 2025 жылғы 19 қыркүйекте, Иран Ислам Республикасының Бас консулы Суна Ахмади Шығыстануфакультетінекеліп, факультет деканы М. Егембердиевпен ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар студенттік бастамаларды қолдауға, бірлескен ғылыми конференциялар мен мәдениіс-шараларды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлді. Кездесу барысында консул парсы тілі оқытушыларымен және Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің қызметімен танысты. Жаңа оқу жылының басындағы бұл сапар екі ел арасындағы қатынастарды нығайтатын жаңа іс-шаралардың жүзеге асуын болжайды. Талқыланған мәселелер білім мен ғылым саласындағыөзара қарым-қатынасты тереңдетуге және Иран мәдениетін Қазақстанда насихаттауда жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.