- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының бірінші курс студенттері жалпыуниверситеттік сенбілікке қатысты
Қытайтану кафедрасының бірінші курс студенттері жалпыуниверситеттік сенбілікке қатысты

2025 жылдың 20 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде «Құрлық экожүйелерін сақтау» тұрақты даму жобасы аясында «Тазалық – денсаулық кепілі» ұранымен профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен жалпыуниверситеттік сенбілік ұйымдастырылды. Шара Қала күніне орайластырылды.
Қытайтану кафедрасының бірінші курс студенттері өз кураторлары Мұқатай К. мен Меттибаева С., сондай-ақ кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Керімбаев Ержанмен бірге сенбілікке белсене қатысты. Қатысушылар шығыстану факультеті ғимаратының айналасын тазалап, қоқыс пен жапырақтарды жинап, аумақты көркейту жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара достық пен белсенділік атмосферасында өтіп, қытайтану кафедрасының университет пен қала абаттандыруына қосқан үлесі болды.