ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ ҚАЗҰУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚҰРАМЫНДА ҚХР-ДА ӨТКЕН VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КӨРМЕСІ МЕН «БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» УНИВЕРСИТЕТТЕР АЛЬЯНСЫ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫFarabi University

ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ ҚАЗҰУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚҰРАМЫНДА ҚХР-ДА ӨТКЕН VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КӨРМЕСІ МЕН «БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» УНИВЕРСИТЕТТЕР АЛЬЯНСЫ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

23 қыркүйек, 2025

      2025 жылғы 21 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Ганьсу провинциясындағы Дуньхуан қаласында VIII Халықаралық «Жібек жолы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды іс-шара Ганьсу провинциясы Халық үкіметінің бастамасымен және ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Көрме жүзден астам елден келген делегациялар мен халықаралық сарапшылардың басын қосып, өркениеттер арасындағы мәдениетаралық сұхбат алаңына айналды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де бұл беделді форумға өз өкілдерін жіберді. Университетіміз атынан аталмыш іс-шараға Әлеуметтік даму департаментінің директоры Есімова Ж.Д., еліміздің белгілі қытайтанушысы,  шығыстану факультетінің  қауымдастырылған профессоры Дәулет Ф.Н.,  халықаралық байланыстар департаментінің жетекші маманы Әуелхан А. қатысты.

       Бұған қоса, 22 қыркүйекте «Бір белдеу – бір жол» университеттер альянсының халықаралық форумы аясында өркениеттер сабақтастығы және цифрлық дәуірдегі қытай тілі білімін дамыту мәселелеріне арналған ғылыми конференция өтті. Бұл конференцияда Фатимабибі Дәулет «Қытай тілі оқулықтарын әзірлеудің өзекті мәселелері мен даму болашағы: өркениеттердің өзара үйренуі тұрғысынан» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

       ҚазҰУ делегациясының бұл секілді халықаралық деңгейдегі іс-шараларға жиі және белсенді қатысуы университетіміздің Қазақстан қытайтану ғылымын жаһандық кеңістікке танытудағы маңызды рөлін айғақтап отыр. Сонымен қатар, бұл қадам халықаралық ғылыми-академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, университетіміздің әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестікті кеңейтуге және жаңа ғылыми-мәдени келіссөз алаңдарын қалыптастыруға маңызды үлесін қоспақ.