Қытайдың Далян политехникалық университеті шығыстану факультетінде болдыFarabi University

Қытайдың Далян политехникалық университеті шығыстану факультетінде болды

30 қыркүйек, 2025

    2025 жылдың 29 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетіне Қытайдың Да Лян политехникалық университетінің өкілдері арнайы сапармен келді.

     Қытайдан келген делегацияны Шығыстану факультеті деканының орынбасары Канафьева Шынар Ерланқызы мен Қытайтану кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Керімбаев Ержан Әбдірайымұлы қарсы алды.

Кездесу барысында екі оқу орнының болашақтағы ынтымақтастық пен серіктестік бағыттары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда:

  • студент алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру;

  • бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу;

  • ғалымдардың сапалы жарияланымдар шығаруына жағдай жасау;

  • бакалавриат және магистратура деңгейіндегі ортақ білім беру бағдарламаларын енгізу мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, қытайлық тарап өздерінің шетелдіктерге қытай тілін оқытатын мамандары үшін тәжірибеден өту мүмкіндігін ұсынды. Ал қазақстандық студенттер мен магистранттардың Да Лян политехникалық университетінде стажировкадан өтуі де келісімнің маңызды бөлігі ретінде айтылды.

Бұл кездесу Қазақстан мен Қытайдың жоғары білім беру саласындағы өзара ықпалдастығын нығайтып, жаңа ғылыми және білім беру бастамаларына жол ашпақ.