"Ұлы Жібек жолы және Карл Байпақовтың ғылыми мұрасы: өркениеттер арасындағы көпір"Farabi University

"Ұлы Жібек жолы және Карл Байпақовтың ғылыми мұрасы: өркениеттер арасындағы көпір"

3 қазан, 2025

2025 жылғы 3 қазан күні Алматы қаласындағы Ғылым ордасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Карл Молдахметұлы Байпақовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Ұлы Жібек жолы – өркениеттер арасындағы мәдениет пен сауда көпірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерінен жетекші археолог-ғалымдар қатысып, баяндама жасады. Конференция барысында К.М. Байпақовтың өмірі мен ғылыми жолы, археология ғылымына сіңірген еңбегі, Ұлы Жібек жолының тарихи және мәдени мұрасын зерттеудегі зор үлесі жан-жақты талқыланды. Ғалымдар оның Орталық Азия археологиясына қосқан үлесін атап өтіп, ортағасырлық қала мәдениетін, сауда қатынастарын және өркениет…