7М07101 – Мұнайхимия" білім беру бағдарламасының магистранты Қытайдағы ғылыми тағылымдаманы сәтті аяқтадыFarabi University

7М07101 – Мұнайхимия" білім беру бағдарламасының магистранты Қытайдағы ғылыми тағылымдаманы сәтті аяқтады

3 қазан, 2025

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының «7М07101 – Мұнайхимия» білім беру бағдарламасының магистранты Мақсотов Жалғас (ғылыми жетекшісі – профессор Аубакиров Е.А.) Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Қытай Ғылым және Технология Университетінде (University of Science and Technology of China, USTC) ғылыми тағылымдамадан сәтті өтіп, арнайы алғыс хат және сертификатпен марапатталды. ТДМ 4 «Сапалы білім» – студенттерге халықаралық деңгейдегі білім мен инновациялық оқыту тәжірибелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» – Қазақстан мен ҚХР арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайту.

Аталған тағылымдама Жас ғалымдарға арналған жаһандық зерттеуге бату бағдарламасы (GRIPS) және Suzhou Institute for Advanced Research қолдауымен жүзеге асырылды. Тағылымдама барысында магистрант полистирол шар үлгісі әдісі арқылы кері опал құрылымды кеуекті висмутті перовскиттерді синтездеуге арналған ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді.

Зерттеу жобасы қорғасынсыз CuBiAs негізіндегі перовскиттердің 3D-наноқұрылымдарын әзірлеуге бағытталды. Бұл құрылымдар жарықтың жұтылуын және заряд тасымалдау тиімділігін арттыру арқылы фотокатализдік белсенділікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.

GRIPS бағдарламасы магистранттың ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіруге, заманауи зертханалық тәжірибені меңгеруге және шетелдік жетекші ғылыми орталықтармен байланыс орнатуға зор мүмкіндік берді.

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доцент м.а. Канапиева Ф.М.