Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty қонақ үйіне экскурсиFarabi University

Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty қонақ үйіне экскурси

22 қазан, 2025

2025 жылдың 21 қазанында «Туризм» мамандығының 4-курс студенттері «Туристік қызметті автоматтандыру» пәні аясында Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty қонақ үйіне танымдық экскурсиясына қатысты.

Экскурсияның мақсаты – халықаралық деңгейдегі қонақ үй кешенінің жұмысында заманауи технологиялар мен автоматтандырылған жүйелердің қолданылуымен танысу және Swissôtel желісінің қызмет көрсету стандарттарын зерделеу болды. Экскурсия барысында студенттер қонақ үйдің құрылымы және инфрақұрылымымен танысып, лобби аймағын, әртүрлі санаттағы нөмірлерді, мейрамхана және конференц-залдарды, сондай-ақ спа және wellness аймақтарын аралап көрді.

Қонақ үй өкілдері брендтің корпоративтік мәдениеті, брондау, қонақтарға қызмет көрсету және персоналды басқару үдерістерінде цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ тұрақты даму мен сапалы сервистің қағидаттары туралы ақпарат берді. Бұл танысу экскурсиясы студенттерге қонақжайлылық индустриясындағы автоматтандырылған технологиялардың тәжірибелік қолданылуын көруге, кәсіби білімдерін кеңейтуге және мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Іс-шараны рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы С.А. Моминов ұйымдастырды.