ТДМ 4. «Қауіпсіз оқу ортасын қалай құруға болады?»
2025 жылдың қазан айының 9-шы жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ және ТДМ-4 аясында кафедра тыңдаушыларына «Қауіпсіз оқу ортасын қалай құруға болады?» а атты кураторлық тәрбие сағаты өтті.
Куратор-эдвайзерлердің жетекшілігімен өткен ашық тәрбие сағатында тыңдаушылар «Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішінде және сыртында өзін-өзі ұстау тәртібі», «Өрт шыққан жағдайда алғашқы әрекеттер мен эвакуация жолдары», «Қауіпсіздік дабылына дұрыс жауап беру және саспай әрекет ету», «Бір-біріне көмектесу және жауапкершілік сезімін дамыту» тақырыптар бойынша теориялық және практикалық білім алды. Бұл іс-шара қауіпсіз оқу ортасын құрудың маңызын ұғындыруға, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретуге және тыңдаушылардың күнделікті өмірдегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тиімді тәрбиелік жұмыс болды.
Іс-шара ТДМ-4 және ТДМ-11 мақсаттарына сай — сапалы өмірлік білім беру мен қауіпсіз, тұрақты орта қалыптастыруға нақты үлес қосты.
Іс-шара мақсаты – тыңдаушылардың қауіпсіздік туралы білімін арттыру арқылы жан-жақты, өмірге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайларға дайын болуға баулу және оқу орнында қауіпсіз орта құруға ықпал ету.
Басқа жаңалықтар