Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 25-қазан Республика күніне орай ұлттық қолөнер үлгілерін насихаттау мен университеттің ұжымы мен студенттеріне азық-түлік, жеміс-жидектерді жеңілдік бағамен ала алатындай Алтын күз жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мерекелік шараға барлық университеттің факультеттер ұжымы мен студенттері қатысты. Соның бірі ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ "Тоқыма бұйымдарын өндіру", "Әшекей бұйымдарын өндіру", "Жас қылқалам шебері" стартаптары "Жас шебер" үйірмесі "ТДМ 9: Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым" аясында жас шеберлердің өздері өндірген қолөнер бұйымдарымен "Алтын күз" мерекелік шарасына қатысты. Бұл іс-шара мақсаты – университеттегі білім алушы жастарға қолөнерді насихаттау, үйрету, түрлі қолөнер бұйымдарымен таныстыру. Көрмеге қолдан тоқылған балаларға арналған ойыншықтар мен кішкентай қыздарға арналған көйлектер, сөмкелер, үйге киетін сүйретпе түрлері, әшекей бұйымдар, қыл қалам шеберінің қолынан шыққан туындылар қойылды.
Басқа жаңалықтар