ТДМ 3 – Салауатты өмір салты және әл-ауқат аясында «Адамгершілік және денсаулық: жануарларды зарарсыздандырудың маңызы» тақырыбында ашық дәріс өтті.Farabi University

ТДМ 3 – Салауатты өмір салты және әл-ауқат аясында «Адамгершілік және денсаулық: жануарларды зарарсыздандырудың маңызы» тақырыбында ашық дәріс өтті.

1 қараша, 2025

2025 жылдың 31 қазан айында ботаника және агроэкология кафедрасының аға оқытушысы К. Т. Абидкулова және зоология, гистология және цитология кафедрасының доценті А. С. Акмуллаева «Биология» және «Геоботаника» мамандығының 1 курс докторанттарымен бірлесіп:  Тұрақты даму саласындағы мақсаттар (ТДМ) 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендерді - қауіпсіз қалалық орта үшін жануарлар санын адамгершілікпен реттеу» аясында, «Адамгершілік және денсаулық: Жануарларды зарарсыздандыру қажет пе» атты тақырыпта кураторлық сағат өтті.

Дәрісті ветеринар дәрігер, зооволонтер және Inu FOUNDATION (@shiba_help_kz) қорының өкілі Динара Жақыпова жүргізді. Ол үй жануарларын зарарсыздандыру мен кастрациялаудың маңызын түсіндіріп, бұл бағыттағы мифтерді жоққа шығарды. Сондай-ақ, қаңғыбас жануарлар санының көбеюін болдырмаудағы бұл тәсілдің рөлі атап өтілді.
Динара Жақыпова Inu FOUNDATION қорының қызметі туралы ақпаратпен де бөлісті — қор Сиба-ину және Акита-ину тұқымдас иттерді құтқарумен және көбейтумен айналысады.
Докторанттар осы іс-шараға белсенді қатысты, сұрақтар қойды, алынған ақпаратты талқылады.