- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 3 – Салауатты өмір салты және әл-ауқат аясында «Адамгершілік және денсаулық: жануарларды зарарсыздандырудың маңызы» тақырыбында ашық дәріс өтті.
ТДМ 3 – Салауатты өмір салты және әл-ауқат аясында «Адамгершілік және денсаулық: жануарларды зарарсыздандырудың маңызы» тақырыбында ашық дәріс өтті.
2025 жылдың 31 қазан айында ботаника және агроэкология кафедрасының аға оқытушысы К. Т. Абидкулова және зоология, гистология және цитология кафедрасының доценті А. С. Акмуллаева «Биология» және «Геоботаника» мамандығының 1 курс докторанттарымен бірлесіп: Тұрақты даму саласындағы мақсаттар (ТДМ) 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендерді - қауіпсіз қалалық орта үшін жануарлар санын адамгершілікпен реттеу» аясында, «Адамгершілік және денсаулық: Жануарларды зарарсыздандыру қажет пе» атты тақырыпта кураторлық сағат өтті.

Дәрісті ветеринар дәрігер, зооволонтер және Inu FOUNDATION (@shiba_help_kz) қорының өкілі Динара Жақыпова жүргізді. Ол үй жануарларын зарарсыздандыру мен кастрациялаудың маңызын түсіндіріп, бұл бағыттағы мифтерді жоққа шығарды. Сондай-ақ, қаңғыбас жануарлар санының көбеюін болдырмаудағы бұл тәсілдің рөлі атап өтілді.
Динара Жақыпова Inu FOUNDATION қорының қызметі туралы ақпаратпен де бөлісті — қор Сиба-ину және Акита-ину тұқымдас иттерді құтқарумен және көбейтумен айналысады.
Докторанттар осы іс-шараға белсенді қатысты, сұрақтар қойды, алынған ақпаратты талқылады.

Басқа жаңалықтар