ҚазҰУ-да «Тау экожүйелері – бұл біз сақтауымыз керек табиғи мұра» атты экологиялық іс-шара өттіFarabi University

ҚазҰУ-да «Тау экожүйелері – бұл біз сақтауымыз керек табиғи мұра» атты экологиялық іс-шара өтті

14 қараша, 2025

2025 жылғы 29 қазанда, сағат 15:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының ұйымдастыруымен «Тау экожүйелері – бұл біз сақтауымыз керек табиғи мұра» тақырыбында экологиялық-ағартушылық іс-шара өтті.

Іс-шара ТДМ 15 – Құрлықтағы экожүйелерді сақтау аясында өткізілді. Ұйымдастырушылар – куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ. және «7М05102 – Биомедицина» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары. Қатысушылар қатарында аталған мамандықтың 1 курс магистранттары болды.

Іс-шара барысында тау экожүйелерінің биоалуантүрлілігі, экологиялық маңызы, климаттың өзгеруі жағдайындағы осалдығы және табиғи ресурстарды сақтау мәселелері талқыланды. Қатысушылар экологиялық жауапкершілік пен тұрақты даму қағидаттары жөнінде өз пікірлерін білдіріп, белсенді талқылауға қатысты.

Аталған іс-шара студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғи мұраны қорғау идеяларын насихаттауға және университеттің тұрақты даму бағытындағы қызметін нығайтуға бағытталды.

 

#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU

#SDG15 #LifeOnLand #MountainEcosystems #Biodiversity #KazNU_Biology