- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ-15 бағыты бойынша іс-шара: "Тау экожүйелері - бұл біз сақтауымыз керек табиғи мұра"
ТДМ-15 бағыты бойынша іс-шара: "Тау экожүйелері - бұл біз сақтауымыз керек табиғи мұра"
Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Тау экожүйелері - бұл біз сақтауымыз керек табиғи мұра» тақырыбында тәрбиелік шара өтті
2025 жылдың 29 қазанында биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында cтуденттерді тау экожүйелерінің құндылығымен, олардың биоалуантүрлілігімен және осалдығымен таныстыру және тұрақты даму жағдайында оларды сақтау шараларын талқылау мақсаттары аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Биомедицина» мамандығының магистранттары қатысты. Негізгі баяндамаларда тау экожүйелерінің маңызы, олардың биологиялық әртүрлілігі мен осалдығы талқыланды. Сонымен қатар, экожүйелердің климаттық өзгерістерге, антропогендік факторларға және табиғи ресурстарды шамадан тыс пайдалануға тәуелділігіне ерекше назар аударылды.
.jpeg)
Әсіресе, тау аймақтарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету, табиғатты қорғау шараларын күшейту және жергілікті халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру стратегияларын әзірлеу мәселелері көтерілді. Қатысушылар сонымен қатар тау экожүйелерін сақтауда білім беру мен ғылыми зерттеулердің рөлін атап өтіп, табиғатты қорғауға бағытталған халықаралық ынтымақтастық тәжірибесін талқылады.
.jpeg)
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның тау аймақтарына тән ерекше флора мен фауна түрлерімен, сондай-ақ экожүйелердің өзара байланыс ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, табиғатты қорғау ұйымдары мен жергілікті билік өкілдеріне тау экожүйелерін сақтау, экотуризмді жауапкершілікпен дамыту және климаттық өзгерістердің әсерін азайту бойынша ұсыныстар жасалды. Ұйымдастырушылар бұл іс-шара нәтижесінде қатысушылардың тіршілік үшін тау экожүйелерінің маңызы туралы экологиялық ой-өрісі кеңейіп, тауларды бірегей табиғи нысандар ретінде сақтау қажеттігін терең түсінетініне сенім білдірді.
Басқа жаңалықтар