1. СТУДЕНТТЕР ҮЙІ 2. ЖАС ҒАЛЫМДАР ҮЙІ

1. СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

ҚазҰУ – бұл студенттер қаласы. Мұнда республикамыздың барлық ауданынан келген жастар білім алады. ҚазҰУ қалашығында барлық талаптарға сай келетін 14 студенттер үйі және 1 жас ғалымдар үйі бар, онда 6 мыңнан астам студент жастар орналасқан. Сіздерді әрбір студенттер үйінде жылы атмосфера мен жылы қоныс күтеді.

2. ЖАС ҒАЛЫМДАР ҮЙІ
Жас ғалымдар үйі – докторанттар мен магистранттар тұруына арналған Қазақстандағы алғашқы тұрғын үй кешені. Мұнда күнделікті өмірге қажеттінің бәрі бар - дәретхана, душ, ыңғайлы жаңа жиһаз. Әр қабатта жабдықталған ас үй мен кір жуатын бөлме бар. Мұнда сауықтыру орталығы, спорт залы мен би залы, заманауи телекоммуникациялық желі және жоғары жылдамдықты Wi-Fi бар. Сондай-ақ университет қалашығындағы ыңғайлы орналасуын, балалар алаңының және автотұрақтың болуын атап өткен жөн.
Жалпы, Ғалымдар үйінде жалпы ауданы 4,5 мың шаршы метрді құрайтын 500 орын бар. Шетелдік университеттерден шақырылған профессорларға арналған бөлмелер де бар, олар студенттермен жобаларды талқылап жатқан конференц-залда жиі кездеседі. Бұл жастардың шығармашылығы мен ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал ететін ғылыми-интеллектуалдық орта жасайды.

Толығырақ