Студенттік заң клиникасы
Заң клиникасы жоғарғы оқу орындары жанында құрылатын халыққа мемлекеттік емес тегін құқықтық көмек көрсету және заң саласының студенттерінің құқықтық дағдысын қалыптастыру жүйесінің қатысушысы.
Заң клиникаларында консультацияларды, жоғары оқу орындарының оқу орындарында, заңгер мамандығы бойынша оқитын жоғары курс студенттері оқытушылардың немесе практикалық заңгерлердің жетекшілігімен жүргізеді.
Заң клиникасының функциялары:
- азаматтарға заңгерлік кеңестерді тегін алу мүмкіндігін беру;
- Өтініштерді, шағымдарды және басқа да құқықтық құжаттарды жасаудағы кеңес көрсету;
- ҚазҰУ-дағы оқу процесінде жергілікті сот және басқа да құқық қорғау органдарының тәжірибесінен материалдарды пайдалану;
- ҚазҰУ оқытушылары мен студенттеріне жергілікті сот және басқа да құқық қорғау органдарының тәжірибесінің материалдарын зерделеу және оларды дәрістер мен практикалық сабақтарға дайындалу үшін пайдалану мүмкіндігін беру;
- студенттердің тәжірибелік сабақтарын өткізу үшін орындар құру;
- жергiлiктi сот және басқа да құқық қорғау органдарымен ынтымақтасудың нақты негiзiн жасау;
- азаматтардың практикалық сұраныстарына жедел ден қоюға мүмкіндік беретін халық, БАҚ және заң клиникасы арасында ақпарат алмасудың тиімді механизмін құру.
- қолданыстағы заңнаманы насихаттау жұмыстарын жүргізу, халықты жалпы құқықтық оқыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Заң клиникасының міндеттері:
- құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер мен түсініктемелер беру;
- халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру;
- ҚазҰУ мен жергілікті сот және басқа да құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту;
- заң факультетінің студенттеріне заң мамандығы бойынша практикалық дағдыларды алу мүмкіндігін беру.
Байланыс
Студенттік заң клиникасының президенті: з.ғ.д., профессор Байдельдинов Даулет Лаикұлы
Студенттік заң клиникасының директоры: Бакиров Дархан Әбдіманапұлы
Студенттік заң клиникасының директорының орынбасары: Кушбаева Әмина Улыкпановна
Телефон нөмері: 8 701 818 54 94 (ішкі нөмер: 1261, 1254)