Физика-техникалық факультет
Физика-техникалық факультет – республиканың жоғары білім беру саласының көшбасшысы. Оқытушылар мен студенттер алдыңғы қатарлы әлемдік журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер мен авторлық куәліктер саны ұлғаюда. Осы жетістіктердің барлығы факультет қабырғасында жұмыс істеген және өз жұмысын жалғастырушы ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының таланты, ынтасы мен шығармашылығы арқасында ғана мүмкін болды. Нәтижесінде, Физика-техникалық факультетінің түлектері білім мен технологиялардың кез келген жаңа салаларын белсенді меңгеріп, еліміздің еңбек нарығында өте жоғары бағаға ие болып келеді.

Факультет
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
Еліміздің жоғары білім беру көшбасшысы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университеті 1934 жылы құрылған және біз бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының ғана емес, бүкіл Орталық Азияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны болып келеміз. Университет құрамындағы алғашқы факультеттердің арасында физика-математика факультеті де болды. Оның жарқын дәстүрлерінің лайықты жалғастырушысы қазіргі физика-техникалық факультеті болып табылады, онда физика мен техниканың әртүрлі бағыттары бойынша әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Факультет құрамында 5 кафедра бар: Теориялық және ядролық физика кафедрасы; Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы; Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасы; Қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасы; Электроника және астрофизика кафедрасы.
Физика-техникалық факультеттің тұрақты дамуы, аса қажетті мамандықтардың тұрақты түрде сарапталуына және оқытудың барлық сатыларындағы білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға негізделеді, бұл өз кезегінде дайындығы жақсы, ынталы және дарынды студенттерді қызықтыратыны анық. Факультетте 51 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланады, әлемнің жетекші университеттерімен қосдипломды және бірлескен бағдарламалар бар.
Факультеттің мақтанышы, студенттерге үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сапалы іргелі білім алуға мүмкіндік беретін жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы болып табылады. Ерте курстардан бастап, дарынды жастар қалыптасқан ғылыми мектептер шеңберінде қазіргі заманғы физика мен техниканың өзекті бағыттары бойынша зерттеу қызметіне белсенді тартылуда.
Физика-техникалық факультет өз саласында республиканың жоғары білім беру көшбасшысы ғана емес, сонымен қатар ірі ғылыми кластер болып табылады. Факультет оқытушылары мен студенттері жетекші әлемдік журналдарда мақалалар жариялайды, сондай-ақ жыл сайын өнертабыстар, патенттер мен авторлық куәліктер саны артып келеді. Ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар саны да үнемі артып отыр. Осы жетістіктердің барлығы факультет қабырғасында жұмыс істеген және өз жұмысын жалғастырып жатқан ғалымдардың бірнеше буынының таланты, ынта-жігері мен шығармашылығының арқасында мүмкін болып отыр. Нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің түлектері еліміздің еңбек нарығында өте жоғары бағаланады, олардың қолында білім мен технологияның кез келген жаңа салаларын белсенді меңгеруге, өз армандары мен ұмтылыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін іргелі білімі мен практикалық дағдылары бар.
Физика-техникалық факультет өзінің дамуында әрдайым уақытпен қатар жүретінін, тіпті дамып келе жатқан тенденцияларға назар аудара отырып, одан сәл озып кететінін дәлелдеді. Заманауи білімсіз және озық ғылым мен технологияларды дамытусыз, оның нәтижелерін бизнеске кеңінен енгізусіз инновациялық экономиканы құру мүмкін емес. Осы мақсатта факультетте әлемнің жетекші университеттерінің бағдарламаларына сәйкес келетін жаңа оқу бағдарламалары әзірленді, идеялардан бастап, оларды енгізуге дейінгі ғылыми-техникалық зерттеулердің дамуын сүйемелдеуге мүмкіндік беретін инновациялық құрылым енгізілді.
Құрметті студенттер! Біздің еліміздің болашағы өздеріңіздей талантты, ынталы, белсенді және өршіл жастарға, елдегі ең жақсы білім алуға бағытталған, жаңа білімге ашық және тәлімгерлермен, аға буынмен жемісті ынтымақтастыққа дайын ұрпаққа байланысты. Сіздің тағдырыңыз өз қолыңызда. Біз әрқашан сіздің армандарыңызды жүзеге асыруға көмектесуге дайынбыз. Сіздің табысты мансабыңыз – біздің жетістігіміз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰЗУ физика-техникалық факультетінің қабырғасында өткізген жылдарды жылулық пен мейірімділікпен еске алатыныңызға сенімдіміз, сондай-ақ өмірге жолдама алған мамандар мен ғалымдардың барлық алдыңғы буындары сияқты «ҚАЗҰЗУ ТҮЛЕГІ» атағын мақтанышпен алып жүресіз!
Құрметпен Нұрзада Бейсен,
физика-техникалық факультетінің деканы
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Білім беру бағдарламалары
Бізге қосылып, сұранысқа ие маман болғыңыз келе ме? Онда бізге жазыңыз!
abiturient.kaznu@gmail.com немесе қабылдау комиссиясына қоңырау шалыңыз!
Қабылдау комиссиясының нөмірі: +7 (727) 377 33 30, +7 (727) 377 33 33
Байланыс орталығы: +7 (727) 377 33 30
Веб-сайт:: https://welcome.kaznu.kz/
Онлайн тіркелу: https://univer.kaznu.kz/abiturient_user/login