Ғылыми мектеп дәстүрі жалғасын таптыFarabi University

Ғылыми мектеп дәстүрі жалғасын тапты

19 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да көрнекті ғалым, физикалық химия саласының майталманы, профессор Гүлжан Хасенқызы Шәбікованың 90 жылдығына арналған еске алу шарасы және қазақ тіліндегі “Физикалық химия оқулығының тұсаукесері өтті.

Шараға факультет ұжымы, профессор-оқытушылар, ардагер ұстаздар мен студенттер қатысып, ғалымның өмір жолы, ғылымға қосқан үлесі және жас мамандарды тәрбиелеудегі еңбегі кеңінен атап өтілді.

Оқулықтың тұсаукесер рәсімін профессорлар Наурызбаев М.К., Қамысбаев Д.Қ., сондай-ақ ғалымның қызы Шолпан ханым жүргізіп, жаңа басылым жиналған қауымға таныстырылды.

Іс-шара соңында Г.Х. Шәбікова есімін ұлықтауға бағытталған ұсыныстар, соның ішінде халықаралық “Физхимик-2026” олимпиадасын ғалым құрметіне арнау және факультеттегі бір оқу зертханасына есімін беру бастамалары қолдау тапты.

Бұл шара – қазақ химия ғылымы мен ұрпақтар сабақтастығына арналған құрметтің жарқын көрінісі.

Аубакиров Е.А. кафедра меңгерушісі