Ғылыми мектеп дәстүрі жалғасын тапты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да көрнекті ғалым, физикалық химия саласының майталманы, профессор Гүлжан Хасенқызы Шәбікованың 90 жылдығына арналған еске алу шарасы және қазақ тіліндегі “Физикалық химия” оқулығының тұсаукесері өтті.
Шараға факультет ұжымы, профессор-оқытушылар, ардагер ұстаздар мен студенттер қатысып, ғалымның өмір жолы, ғылымға қосқан үлесі және жас мамандарды тәрбиелеудегі еңбегі кеңінен атап өтілді.
Оқулықтың тұсаукесер рәсімін профессорлар Наурызбаев М.К., Қамысбаев Д.Қ., сондай-ақ ғалымның қызы Шолпан ханым жүргізіп, жаңа басылым жиналған қауымға таныстырылды.
Іс-шара соңында Г.Х. Шәбікова есімін ұлықтауға бағытталған ұсыныстар, соның ішінде халықаралық “Физхимик-2026” олимпиадасын ғалым құрметіне арнау және факультеттегі бір оқу зертханасына есімін беру бастамалары қолдау тапты.
Бұл шара – қазақ химия ғылымы мен ұрпақтар сабақтастығына арналған құрметтің жарқын көрінісі.
Аубакиров Е.А. кафедра меңгерушісі
Басқа жаңалықтар