Аймақтық су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдеріFarabi University

Аймақтық су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері

7 қаңтар, 2026

7 қаңтарда Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында География институтымен бірлесіп, университеттік кампустан тыс жерде, су ресурстарына қызығушылық танытатын мектеп мұғалімдері мен кең жұртшылық өкілдеріне арналған «Аймақтық су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері» тақырыбында тегін білім беру курсы ұйымдастырылып, өткізілді.

Курстың негізгі мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, қатысушылардың климаттық үдерістер, климаттың өзгеруі және су қауіпсіздігі саласындағы білімін кеңейту, сондай-ақ су ресурстарын пайдалану мәселелерінде экологиялық жауапкершілік пен тұрақты көзқарасты қалыптастыру болды.

Бағдарлама аясында қатысушылар климаттың өзгеру себептері мен салдарымен, климаттық процестерді зерттеудің заманауи ғылыми тәсілдерімен, су ресурстарын тиімді басқару мәселелерімен және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарымен танысты. Сонымен қатар, аймақтық деңгейде климаттық тәуекелдерді азайту және бейімдеу тәжірибелік мысалдары ұсынылды.

Аталған курсты ұйымдастыру География институты мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, климат және су қауіпсіздігі мәселелеріне қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ тұрақты даму саласында сапалы және тегін білімге қолжетімділікті кеңейтуге ықпал етті.