«Климат пен су қауіпсіздігі арқылы тұрақты даму жолдары»
7 қаңтар күні Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында География институтымен бірлесіп, университет кампусынан тыс жерде мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ климатология мен су ресурстарына қызығушылық танытқан азаматтарға арналған тегін білім беру курсы ұйымдастырылып өткізілді.
Курстың негізгі мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, қатысушылардың климаттық процестер, климаттың өзгеруі және су қауіпсіздігі саласындағы білімдерін кеңейту, сондай-ақ экологиялық жауапкершілік пен су ресурстарын тұрақты пайдалану мәдениетін қалыптастыру болды.

Бағдарлама аясында қатысушылар климаттың өзгеру себептері мен салдарымен, климаттық процестерді зерттеудің заманауи ғылыми тәсілдерімен, су ресурстарын тиімді басқару мәселелерімен және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарымен танысты. Сонымен қатар, аймақтық деңгейде климаттық тәуекелдерді азайту және бейімдеу тәжірибелік мысалдары ұсынылды.
Аталған курсты ұйымдастыру География институты мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, климат және су қауіпсіздігі мәселелеріне қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ тұрақты даму саласында сапалы және тегін білімге қолжетімділікті кеңейтуге ықпал етті.
Басқа жаңалықтар