ХХ ғ. басынд. қазақ халқының ұлттық серпілісі және Ә.Бөкейхан тұлғасы

22 сәуір, 2021

ХХ ғ. көрнекті қоғамдық - саяси тұлғасы, Алаш қозғалысының жетекшісі, ғалым, 1937-1938 ж. кеңестік саяси репрессия құрбаны Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай методологиялық семинар.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, тарих ғыл. докторы Г.С.Жүгенбаева өз баяндамасында Алаш қозғалысының қалыптасуы, тұлғалардың рөлі, Ә.Бөкейханның қоғамдық-саяси қызметі, ғылыми- ағартушылық мұрасы туралы тоқталып өтті. Шараға қатысушы студенттер, магистрант, докторанттар және оқытушылар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.Кафедра доценті Г.Е.Сәбденова семинар жұмысын қорытындылай келе, оның ғылыми танымдық және тәрбиелік маңызын атап өтті.