Ғабит Мүсрепов атындағы жастар театрына бару

9 желтоқсан, 2023

«Тұрақты қала мен елді мекен» Тұрақты даму мақсаттарына орай, қаламыздағы мәдени орындармен толықтай таныстыру мақсатында 2023 жылдың 18-қарашасында «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1 курс студенттері куратор-эдвайзер Г.А. Арыновамен бірге Ғабит Мүсрепов атындағы жастар театрына барып, «Тойы көп үй» атты спектакль көрді. Әр түрлі отбасылық мәселелерді қозғайтын, отбасылық өмір және ата-аналарға деген құрмет, жастардың қарым-қатынасы, балаға деген сүйіспеншілік мәселесі, бәрі қоғамда кездесетін нәрселер. Қиындықтардан және сіздің басыңыздағы кейбір жағымсыз сәттерден қалай шығуға болады? Шынайы өмірдегі жарқын оқиғаларға толы шығарманы студенттер бар зейіндерімен көрді. Студенттер «Театрға үнемі келіп тұру керек екен»,- деп қызығушылық танытты. Студенттерді театрға  тұрақты түрде апаруда жеке тұлға мәдениетінің қалыптасуында көмегі тиетіні сөзсіз.