2024 жылғы 18 наурыздаәре биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының м.а. доценті Камзанова А.Т. 6В05109-Нейроғылым мамандығының 3 курс студенттерімен кез келген жастағы кез келген адамның салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ТДМ 3 шеңберінде «Денсаулық нейроғылымы» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс бағдарламасы ми және денсаулық арасындағы қарым-қатынас туралы түсінікті дамытуға, сондай-ақ нейроғылым деректері негізінде денсаулықты сақтаудың негізгі дағдылары мен жолдарын үйретуге бағытталған. Осы сабақ аясында позитивті даму механизмдері, шарттары, әдістері, когнитивті денсаулық пен салауатты ұзақ өмір сүру арасындағы байланыс және біртұтас жеке денсаулық әдістері қарастырылды. Қосымша тапсырма ретінде студенттер денсаулыққа әсерететін қоршаған орта, әлеуметтік орта, ми қызметі, нейротрансмиттерлер, гормондар, жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері сияқты факторларды бейнелейтін денсаулық экологиясының диаграммасын талдады.