«Кедейлік шегінен құтылудың тиімді жолдарын экожүйе мен биологиялық әртүрлілікті сақтай отырып бағалау»

5 сәуір, 2024

       2024 жылғы 4 сәуірде биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының қауымдастырылған профессоры Басығараев Ж.М. 7М01504-Биология мамандығының 1 курс магистранттарымен «Кедейлік шегінен құтылудың тиімді жолдарын  экожүйе мен биологиялық әртүрлілікті сақтай отырып  бағалау» тақырыбы бойынша ТДМ 15 шеңберінде кедейлік шегінен құтылудың тиімді жолдарын  экожүйе мен биологиялық әртүрлілікті сақтай отырып  бағалау біліммен, дағдылармен қамтамасыз етумақсатында дәріс өткізілді.

Қазіргі уақытта экожүйе мен биологиялық әртүрлілікті сақтау өзекті мәселе. Дәріс студенттерге Қоршаған ортанының табиғи құндылығын бағалау туралы түсінік қалыптастыруға және тәрбиелеуге бағытталған. Дәрістен бөлек студенттер тақырыпқа сай презентацияжасап, «Кезбе тілші» ойын әдісі арқылы студенттердің экожүйені және биоалуантүрлілікті сақтай отырып, кедейлік шегінен құтылу жолдарына қатысты ұсыныстарын тыңдау процесі жүргізілді.

      Қосымша тапсырма ретіндестуденттерден ашық тәрбие сағатында алған әсерлерін және ұйымдастырушы топқа арналған ұсыныстарын стикерге жазып, тақтадағы плакатқа ілінді. Мақсаты - адамдардың экожүйе мен биологиялық әртүрлілікті сақтау, кедейліктен құтылудың тиімді жолдарын қарастыруды түсіндіру, осы мәселе бойынша білім алуға деген ұмтылысты қалыптастыру.