- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің кітапхана қоры жаңа ғылыми басылыммен толықты.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің кітапхана қоры жаңа ғылыми басылыммен толықты.
28 мамыр, 2025

2025 жылғы мамыр айында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ш. Эгамбердиевтің «Түркі мемлекеттері ұйымының қалыптасуы мен трансформациясының тарихы (1991–2025 жж.)» атты монографиясы жарық көрді.
Бұл зерттеу посткеңестік кеңістіктегі тарихи-саяси динамика, түркі ынтымақтастығының эволюциясы және аймақтық интеграция тетіктері аясында Түркі мемлекеттері ұйымының қалыптасуы мен институционалдық дамуы үдерістеріне жан-жақты талдау жасайды. Монография тарих, шығыстану, халықаралық қатынастар, геосаясат және өңірлік ынтымақтастық сияқты салалардағы ғылыми пікірталастардың дамуына елеулі үлес қосып, мамандарға да, зерттеушілерге, магистранттар мен студенттерге де пайдалы болмақ.
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы
Басқа жаңалықтар

6 маусым, 2025

5 маусым, 2025