Ғылыми - зерттеу қызметі
Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі әлеуметтік-табиғи ортадағы және әлем туралы білімді толықтыру үшін объективті бар құбылыс заңдылықтары мен үдерістерді анықтауға бағытталған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу қызметі зерттеушілік жобалар, шаруашылық келісімдер және ғылым кеңістігі мен халықаралық және аймақтық білім алаңдарында баяндамалар мен жарияланымдар түрінде зияткерлік жекеменшік нәтижелерін іске асыру бойынша жүзеге асырылады.
Ғылыми-зерттеу қызметінің ең бір маңызды бағыты ғылыми-техникалық ілгерілеуге қол жеткізудің тәжірибелік қызметіне шығармашылық қабілетті қолданатын жоғары білімді мамандарды даярлау сапасын арттыратын әлеуетті ықпал саналатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.
Іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулер сапасын арттыру университет беделін жақсартуға және оның рейтингін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Ғылыми-техникалық кеңес
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-техникалық кеңесі университеттің жарғысына, ғылыми-техникалық, ғылыми-ұйымдастырушылық және зерттеу қызметін басқару органы ғылым және инновациялық қызмет бойынша департаментінің ережесіне сәйкес құрылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми техникалық кеңесінің негізгі міндеттері мен қызметтері:
- Университеттің ғылыми-техникалық, ғылыми-ұйымдастырушылық және зерттеу қызметін дамыту стратегиясын жасау және іске асыру;
- Техникалық-жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы іргелі, қолданбалы-ізденушілік, инновациялық ғылыми зерттеулердің жүргізілуін ұйымдастыру және үйлестіру;
- Университетте ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерін өндіріске, ғылыми зерттемелер менеджменті мен маркетингісіне енгізу бойынша ҚР индустиралды-инновациялық дамыту Стратегиясын іске асырудың негізгі бағыттарын анықтау;
- Ғылым мен білімді қолдау үшін халықаралық қорлармен, өндірістік кәсіпорындармен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланысты ұйымдастыру және үйлестіру;
- Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру үшін диссертиациялық қорғауды талдау;
- Зерттеу үдерісіне студенттерді тарту әдістері және формаларды жандандыру, университеттегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
- Университеттің ғылыми жетістіктерін тарату және насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру (көрмелер, басылым қызметі);
- Ғылыми-зерттеу институттары, орталықтар, технопарк қызметтерін бақылау және үйлестіру.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҒТК құрамына: төраға- ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор, төрағаның орынбасары- ғылым және инновациялық қызмет бойынша департамент директоры, ҒЗИ директорлары, ғалым хатшы, университет факультеттерінің ұсынылған жетекші ғалымдар, ғылыми-инновациялық қызмет бойынша декан орынбасарлары, ғылым және жарияланым белсенділігі басқармасының басшысы, инновация және зияткерлік меншік басқармасының басшысы, ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау басқармасының басшысы кіреді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҒТК отырысы тоқсанына бір реттен кем емес болады және хаттамамен сүйемелденеді. Хаттамаларға кеңестің төрағасы және ғалым хатшы қол қояды.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 24 ғылыми журналы, оның ішінде ағылшын тілінде 6 халықаралық ғылыми журнал, 17 ҚазҰУ Хабаршылары және Ашық жүйелер эволюциясының мәселелері журналы бар.
Бүгінгі таңда ҚазҰУ-дың 3 ғылыми журналы, атап айтқанда «International Journal of Mathematics and Physics», «Physical Sciences and Technology» және «ҚазҰУ Хабаршысы. Математика, механика және информатики сериясы» Scopus деректер базасында индекстеледі. 5 ғылыми журнал Web of Science деректер базасында индекстелген: «International Journal of Biology and Chemistry»; «International Journal of Mathematics and Physics»; «ҚазҰУ Хабаршысы. Химия сериясы»; «ҚазҰУ Хабаршысы. Физика сериясы»; «ҚазҰУ Хабаршысы. Математика, механика және информатики сериясы».
Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін басып шығаруға ұсынылатын Қазақстан Республикасы Fылым және жоғарға білім министрлігі Ғылым және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің Тізбесіне 21 журнал кіреді: барлық 17 ҚазҰУ Хабаршылары және «International Journal of Biology and Chemistry», «International Journal of Mathematics and Physics», «Physical Sciences and Technology», Ашық жүйелер эволюциясының мәселелері журналы.
Журналдар туралы толық ақпарат алу және мақалаларды басылымға жіберу үшін ғылыми басылымдардың ақпараттық порталына journal.kaznu.kz/ сілтемесі бойынша өтіңіз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ПОҚ мен қызметкерлерінің 2025 жылғы жарияланым белсенділігі бойынша мәліметтері:
200 |
Scopus деректер базасында индекстелетін басылымдардағы жарияланымдар саны |
18.9% |
Scopus базасының басылымдарында қазақстандық авторлар жарияланымдарының жалпы санынан үлесі |
61% |
Шетелдік ғалымдармен бірлесіп жазған Scopus базасындағы жарияланымдар |
31 |
Scopus ДБ бойынша ғалымдардың жарияланымдарына келтірілген дәйексөз саны |
1.21 |
Scopus ДБ бойынша білім саласы бойынша мөлшерленген дәйексөз (FWCI) |
6 |
Web of Science (6) және Scopus (2) деректер базасында индекстелген университеттің ғылыми журналдары |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ПОҚ мен қызметкерлерінің 2024 жылғы жарияланым белсенділігі бойынша мәліметтері:
1 568 |
Scopus деректер базасында индекстелетін басылымдардағы жарияланымдар саны |
17.1% |
Scopus базасының басылымдарында қазақстандық авторлар жарияланымдарының жалпы санынан үлесі |
49% |
Шетелдік ғалымдармен бірлесіп жазған Scopus базасындағы жарияланымдар |
2 289 |
Scopus ДБ бойынша ғалымдардың жарияланымдарына келтірілген дәйексөз саны |
1.31 |
Scopus ДБ бойынша білім саласы бойынша мөлшерленген дәйексөз (FWCI) |
6 |
Web of Science (5) және Scopus (2) деректер базасында индекстелген университеттің ғылыми журналдары |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ПОҚ мен қызметкерлерінің 2023 жылғы жарияланым белсенділігі бойынша мәліметтері:
1 202 |
Scopus деректер базасында индекстелетін басылымдардағы жарияланымдар саны |
16.4% |
Scopus базасының басылымдарында қазақстандық авторлар жарияланымдарының жалпы санынан үлесі |
53.4% |
Шетелдік ғалымдармен бірлесіп жазған Scopus базасындағы жарияланымдар |
5 157 |
Scopus ДБ бойынша ғалымдардың жарияланымдарына келтірілген дәйексөз саны |
1.83 |
Scopus ДБ бойынша білім саласы бойынша мөлшерленген дәйексөз (FWCI) |
5 |
Web of Science (4) және Scopus (1) деректер базасында индекстелген университеттің ғылыми журналдары |

Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының тапсырмасы бойынша құрылған және қоғамдық бірлестік болып табылады. Кеңес қызметі ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке қатысу арқылы ҚазҰУ жас ғалымдарының шығармашылық ғылыми белсенділігіне жәрдемдесуге және дамытуға бағытталған.
ҚазҰУ-дағы жас ғалымдар кеңесінің жұмысы ЖҒК-нің бекітілген жұмыс жоспары бойынша жүргізілуде, оның шеңберінде мынадай іс-шаралар өткізілді:
Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері эдвайзерлердің функцияларын орындайды, СҒЗЖ басшылары болып табылады, олардың басшылығымен студенттердің жыл сайынғы ғылыми студенттік республикалық және халықаралық конференцияларға баяндамаларын дайындау жүргізіледі. Жас ғалымдар университеттің кәсіби бағдар беру жұмыстарына белсенді қатысады. ЖҒК мүшелері университет департаменттерінің бөлім бастықтары ретінде әкімшілік жұмысқа тартылады.
ЖҒК қызметінің мақсаты жас ғалымдардың кәсіби өсуін жандандыру, өзекті ғылыми проблемаларды әзірлеу және басым ғылыми міндеттерді шешу үшін олардың күш-жігерін біріктіру, жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін ЖҒК мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- ҚазҰУ факультеттерінің ЖҒК қызметін үйлестіреді. Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыруда, Жас ғалымдардың конференцияларын, ғылыми іссапарларын ұйымдастыруда қажетті көмек көрсетуді жоспарлап отыр;
- жас ғалымдар қатыса алатын ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, форумдар және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
- қазіргі ғылымның өзекті және іс жүзінде маңызды міндеттерін шешуге бағытталған. Жас ғалымдардың күштерімен пәнаралық кешенді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру үшін жас ғалымдар арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға ықпал етеді;
- қазақстандық және шетелдік ұйымдар жүргізетін ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар туралы жас ғалымдарды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді;
- жас ғалымдардың инновациялық қызметін қолдайды және ынталандырады, жас ғалымдардың жобалары бойынша инвестициялық бағдарламалар мен ұсыныстарға қатысты қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- ҚазҰУ университетінің НСО-мен бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады;
- ҰБО-мен бірлесіп ҚазҰУ жоспары бойынша университеттің кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізеді;
- қойылған мақсаттарға сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Студенттер ғылыми қоғамы (СҒҚ) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттердің ерікті бірігуінен құрылған, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық жұмыстармен айналысатын қоғамдық ұйым болып табылады.
Студенттер ғылыми қоғамы СҒҚ студенттердің әдіснамалық дайындығын жоғарлату, шығармашылық ойлау мен зерттеу жұмыстарына икемділігін дамыту, ұйымдардың негізін үйретуге және ғылыми жұмыстарды өткізуге әсер ететін қоғамдық ұйым болып табылады. Студенттердің ғылыми жұмыстары оқу үдерістерімен яғни, ЖОО ғылыми, өнертабыстық, өнертапқыштық жұмыстарымен тығыз байланыста өткізіледі.
Студенттер ғылыми қоғамы - әр факультет студенттерінің ерікті, өзіндік басқара алатын, бейкоммерциялық қалыптасқан, студенттер ынтасымен құрылған біріккен қоғам болып табылады.
СҚҒ-ның негізгі міндеттері:
- Факультеттің ғылыми жұмысының негізгі функционалдық бағыттары бойынша іс-шаралардың өткізілуін және жүйелі жұмысты жоспарлау;
- Факультет әкімшілігінің алдында, университетаралық, мемлекеттік, халықаралық деңгейлерде студенттердің мүддесін қорғау;
- Студенттердің ішкі әлеуетінің көрініс табуына қолдау көрсету.
Міндеттері:
- Студенттерге олардың құқықтары мен міндеттері жайлы кеңес беру, кафедраларда және ғылыми үйірмелерде ғылыми-зерттеу жұмыстарының өткізілу жүйесі жайлы мәліметтер беру.
- Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға кеңінен тарту.
- Ғылыми конференцияларды, ғылыми жұмыстардың байқауын өткізу, ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен насихаттау.
- Ең үздік студенттік жобалардың өндіріске еніп, жариялануына көмек көрсету.
- Факультеттің басқару жүйесінің барлық деңгейлеріндегі (Ғылыми Кеңес, деканат, кафедралар, зертханалар және факультеттің өзге де әкімшілік бөлімдері) факультет әкімшілігі мен СҒҚ-ның өзара қарым-қатынасының құрылымдық жүйесін құру және дамыту.
- СҒҚ мүшелерінің университет үшін стратегиялық маңызы бар шешімдер, қоғамдық өмір мәселелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты құжаттардың құрылуына қатысуы.
- Факультетаралық, университетаралық, халықаралық байланыстардың орнықтырылып, нығайтылуына бағытталған іс-шаралардың өткізілуі; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың өзге факультеттерінің және басқа да ЖОО қоғамдық ұйымдарымен тәжірибе алмасуды жүзеге асыру.
- СҒҚ мәлімет тасымалдаушыларын құру және қолдау.
- Конференциялар мен СҒҚ Кеңесінің шешімдерінің мәлімет тасымалдаушыларында уақытылы жариялау.
- Факультетте өткізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының әр түрлі тараптарына қатысты мәліметтердің мәлімет тасымалдаушыларында уақытылы жариялау.
«Студенттер ғылыми қоғамы» Төрағасы: Тәліп Айдос Ерғалиұлы
Тел: 8 702 887 96 43
Мақсаты: елдің бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетін құру мақсатында Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет сапасын арттыру.
Міндеттері:
- Қазақ ұлттық университетінде (ғылыми-зерттеу институттары, кафедралар) студенттер мен жас ғалымдар үшін тиімді ғылыми ортаны құру;
- Студенттерді зерттеуде жаңа әдіснамалық және құзыреттілік тәсілдерді жетілдіру және дамыту.
- Студенттердің ғылыми зерттеулерін дамытудың стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда мүмкіндік беретін нәтижелерге қол жеткізу
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер орындалу қажет:
-
оқу үрдісінде студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және жоспарлау;
-
ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу арқылы студенттердің білім беру материалдарын тереңірек және шығармашылық дамытуына ынталандыру
-
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды бөлігі ретінде студенттерді іргелі, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысуға тарту;
-
студенттердің оқудан тыс түрде өткізілген ҒЗТКЖ нысандарына қатысуы;
-
ғылым мен техниканың ең маңызды жетістіктерінің оқу үрдісіне интеграциялануы, кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары мен дамуының нәтижелері (оқытушылар мен студенттер бірлестіру нәтижесінде);
-
магистратурада және докторантурада қосымша білім алуға талантты жастардың ең тиімді кәсіби таңдауын қамтамасыз ету, университет пен еліміздің кадрлық резервін қалыптастыру.
УНИВЕРСИТЕТТЕ СҒЗЖ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
- AP19175800 « Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың тиімділігін талдау». (0123РК00287) Жетекшісі: Жарылгасинов Т.М.
- AP19175613 «Заманауи физика есептеріне қолданылатын кулондық өзара әрекеттесетін бірнеше бөлшектердің кванттық есебіндегі вариациялық әдістер» Жетекшісі: Азнабаев Д.Т.
- AP19177332 «Вакуумды ортада стехиометриялық балқыту әдісі мен газдық фазада химиялық тұндыру (CVD) әдістері арқылы алынған екіөлшемді ауыспалы металдардың дихалькогенидтерінің қасиеттері» Жетекшісі: Айтжанов М.Б.
- AP19174979 «Нейтрондық жұлдыздар мен қара құрдымдардан келетін рентген сәулелерінің квазипериодтық тербелістерін зерттеу» Жетекшісі: Қонысбаев Т.К.
- AP19175392 «Компьютерлік модельдеу әдістеріне негізделген B[e] феномені бар жұлдыздардың бақылау көріністерінің сипаттамасы» Жетекшісі: Хохлов А.А.
- АP19175847 «Цифрлық Қазақстан үдерісінде мемлекеттік тілдің дамуы: социолингвистикалық зерттеу» Жетекшісі: Серикбаева А.Д.
- АP19175235 «М. Жұмабаев поэзиясының лингвопоэтикасы: аударылу ерекшеліктері мен стратегиялары» Жетекшісі: Алпысбаева А.Е.
- АР19175423 «Діни деструктивизм көріністерінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері» Жетекшісі: Карыбаева А.Н.
- АР19175009 «Жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстанның жады саясаты мен онтологиялық қауіпсіздігін талдау» Жетекшісі: Муминов Н.А.
- АР19178184 «Қазақстандық фосфогипстің суперкритикалық СО2 конверсиясы өнімдерінен сирек жер элементтерін шоғырландыру процестерін зерттеу» Жетекшісі: Хаваза Т.Н.
- АP19178014 «Қазақстанның хром өндіру өнеркәсібі үшін электрокоагуляция әдісімен хромнан (VI) айналымдағы және ағынды суларды тазарту зауытын дамыту» Жетекшісі: Кохметова С.Т.
- AP19174716 «Компьютерлік жүйелерге басып кіруді анықтаудың тиімділігін арттыру үшін Байес желілері негізінде шешімдер қабылдауды қолдау жүйесін әзірлеу» Жетекшісі: Ыдырышбаева М.К.
- AP19175674 "Аудио ағындарды талдау және машиналық оқыту негізінде қауіпті оқиғаларды анықтау және хабарлау жүйесін әзірлеу" Жетекшісі: Алтаева А.Б.
- AP19177815 «Lepidium sativum L. тұқымының фитохимиялық профильдері және фармакологиялық белсенділігі» Жетекшісі: Шыбырай Е.
- AP19577160 «Биосурфактанттарды өндіретін микроорганизмдерді және олардың мұнайды шығуын жоғарылату үшін қолданылуын зерттеу» (0123РК00131) Жетекшісі: Ерназарова А.К.
- AP19576593 «Қазақстандық кәсіпорындардағы жауапты өндіріс ТДМ-12 қол жеткізу құралы ретінде: әлеуетін бағалау және даму перспективалары» Жетекшісі: Жидебекқызы А.Ж.
- AP19576425 «Цифрландыру және технологиялық өзгерістер дәуірінде жоғары білім сапасының ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әсері» Жетекшісі: Кондыбаева С.К.
- AP19579325 «Акустика теңдеуі үшін кері және қисынды емес есептерін шешудің заманауи сандық әдістерін әзірлеу және зерттеу» Жетекшісі: Касенов С.Е.
- AP19575366 «Қара құрдым және олардың имитаторларының айналасындағы аккрециялық дискінің физикалық қасиеттерін зерттеу» Жетекшісі: Курманов Е.Б.
- AP19574454 «Күн сәулесін концентрациялау жағдайында жаңа бейімделген суыту жүйесімен кремний күн элементтерінің тиімділігін зерттеу» Жетекшісі: Саимбетов А.К.
- AP19577160 «Биосурфактанттарды өндіретін микроорганизмдерді және олардың мұнайды шығуын жоғарылату үшін қолданылуын зерттеу» Жетекшісі: Ерназарова А.К.
- АР19579270 «Мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін ЖҚЗ деректері негізінде Орталық Қазақстан жайылымдарының өнімділігін картографиялық модельдеу және болжау» Жетекшісі: Каирова Ш.Г.
- АР19576868 «Жастар экстремизмін анықтау және заманауи ақпараттық кеңістікте жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған модельдер мен әдістерді әзірлеу» Жетекшісі: Болатбек М.А.
- AР19576858 «Шағын өлшемді ғарыш аппараттары үшін қатты денелі импульстік плазмалық қозғалтқыштың тәжірибелік үлгілерін жасау және сынау» Жетекшісі: Досболаев М.К.
- AР19576960 «Наноплазмоникалық элементтерді, қорғаныс элементтерін және наносенсорларды құру үшін электронды сәулелік литографияға негізделген наноселективті құрылымдау» Жетекшісі: Муратов М.М.
- АР19577150 «Құрамында хлоргексидин және күміс нанобөлшектері бар табиғи полисахаридтерге негізделген имплантацияланатын бұйымдарға арналған бактерияға қарсы жабынның ұзартылмалы қасиеті мен цитоуыттылығын зерттеу» Жетекшісі: Савденбекова Б.Е.
- AP19576316 «Тарбағатайдың оңтүстік беткейлеріндегі ерте темір дәуірінің археологиялық кешендері: пәнаралық зерттеу» Жетекшісі: Жуматаев Р.С.
- AP19576851 «LA-ICP-MS әдісімен талдау жүргізу үшін көп элементті сульфидті стандарттарды синтездеу» Жетекшісі: Бахадур А.М.
- AP19575956 «Функционалды иттербилік ортобораттардың кристалохимиясы және оптикалық қасиеттері» Жетекшісі: Болатов А.К.
- AP19675130 «Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі» Жетекшісі: Авакова Р.А.
- AP19577160 «Қазақтілді масс-медиадағы конфликтогенді мәтіндер: тілдік құқықбұзушылықтың сот-лингвистикалық параметрлері» (0123РК00131) Жетекшісі: Таусогарова А.К.
- AP19679918 Қазақ тіліндегі мәтіндерді бейімдеу: әдіснамасы, амал-тәсілдері, тіл үйретуде қолданылуы Жетекшісі: Мәмбетова М.К.
- AP19677705 «Көмір қалдықтары мен микробалдырлар биомассасын бірге жағу негізінде экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді биоқазбалы отынды құру» (0123РК00493) Жетекшісі: Акимбеков Н.Ш.
- AP19680320 «Еуразия өңіріндегі елдің инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстан өңірлерінде бизнес-ортаны дамытудың жаңа құралдарын зерттеу» Жетекшісі: Рахматуллаева Д.Ж.
- AP19679105 "Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикасын дамыту жағдайында ESG қаржы құралдарын трансформациялау" (0123РК00847) Жетекшісі: Нурмагамбетова А.З.
- AP19677016 "Оңтүстік Қазақстанның орнықты дамуы контекстіндегі әлеуметтік бағдарланған кәсіпкерліктің экожүйелік моделі" Жетекшісі: Джулаева А.М.
- AP19678012 «Орнықты дамудың үштұғырлы тұжырымдамасы (ESG): өңірлердің теңгерімді дамыту контекстіндегі бизнестің мүдделері» Жетекшісі: Адамбекова А.А.
- АР19674623 «Алакөл көлінің тұзды экожүйелеріне биомониторинг жүргізудегі инновациялық мультикеңістіктік кешенді әдістеме» Жетекшісі: Инелова З.А.
- АР19580351 «Техногенді ластаушы заттардың биотаға, халықтың денсаулығына және табиғи ортаға әсерінің биологиялық салдарын зерттеу» Жетекшісі: Бигалиев А.Б.
- AP19680470 «Эпилепсиялық белсенділік моделіндегі гиперқозудың реттелуіне фосфоинозитолдифосфаттың (PIP2) және калий каналдарының Kv7 қатысуы» Жетекшісі: Абдрасулова Ж.Т.
- AP19679444 "Агродақылдардың өсуін ынталандыру үшін тиімді микроорганизмдері бар полимерлі матрица негізінде ұзақ әсер ететін биологиялық препаратты әзірлеу" Жетекшісі: Игнатова Л.В.
- АР19676645 «Бие сүтінің сарысу белоктарынан биологиялық белсенді пептидтерді алу биотехнологиясы» Жетекшісі:
- AP19678607 “Гиперқозу кезінде нейрондардың ырғақтарын басқарудағы кальций-тәуелді механизмдері” Жетекшісі: Тулеуханов С.
- AP19676624 «Біртекті және біртекті емес ньютондық емес сұйықтықтардың қозғалысын сипаттайтын Навье-Стокс-Фойгт моделдері» Жетекшісі: Темирбеков А.Н.
- AP19677384 «Басқару жүйесі бар бейсызық сипаттамалы магнитті мойынтіректегі газдық центрифуганың динамикасын зерттеу және жасау» Жетекшісі: Кыдырбекулы А.Б.
- AP19674715 ""box-covering" алгоритмдеріне негізделген сымсыз 'mesh' желілерін бағыттау" Жетекшісі:
- AP19678266 «Өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін наноқұрылымдық жартылай өткізгіштер негізінде жарылғыш және зиянды заттардың селективті газ сенсорын жасау» Жетекшісі: Ибраимов М.К.
- AP19678552 «Ашық және жабық кеңістіктегі жылжымалы және статикалық сымсыз сенсорлық түйіндердің энергия тиімділігін арттыру» Жетекшісі: Нұрғалиев М.К.
- AP19676270 «Иридий және палладий нанобөлшектерімен модификацияланған HDLC қабықшаларының негізіндегі жаңа нанокомпозиттік материалдарды жасау» Жетекшісі: Рягузов А.П.
- AP19678245 «Әртүрлі астрофизикалық жағдайларда құрамында органикалық заттары жоғары мұздарда күрделі молекулалық қосылыстардың фотоиндукцияланған түзілуі» Жетекшісі: Алдияров А.У.
- AP19679617 «Органикалық заттардың жылуфизикалық қасиеттерін және құрылымдық-фазалық күйлерін төменгі температурада (80-300 К) зерттеу» Жетекшісі: Соколов Д.Ю.
- AP19680205 «Криоконденсаттардың аморфты құрылымдарында ғарыштық объектілердің модельдік беттеріндегі төмен температурадағы адсорбциялық процестерді зерттеу» Жетекшісі: Коршиков Е.С.
- АР19679741 «Биотынды жағуды 3D модельдеуге арналған ақпараттық технологияларды биоэнергетикада қолдану» Жетекшісі: Аскарова А.С.
- AP19677682 «Қазақстан Республикасының ірі қалаларының тұрақты дамуын кешенді географиялық бағалау» Жетекшісі: Нюсупова Г.Н.
- AP19680487 «ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып, Климаттың өзгеруі жағдайында Мойынқұм құмды массивінің жайылымдық жерлерін мониторингілеу және басқару» Жетекшісі: Бисенбаева С.Б.
- AP19679909 «Қазақстандағы жалған ақпарат пен дезинформация индикаторларын анықтауға арналған цифрлы сауат саласында ақпараттық ресурс әзірлеу» Жетекшісі: Султанбаева Г.С.
- AP19679820 «Қазақстандағы әлеуметтік қақтығыстарды институттандыру: спиральдық динамиканың интегралды технологиясы негізінде құндылықтарды түрлендіру арқылы қақтығыстарды басқару» Жетекшісі: Турарбекова Л.В.
- AP19676658 «Жергілікті және оралған қазақтардың бірегейлік қақтығысы: қазақстандық көші-қон саясаты және репатрианттарының мәдени интеграциялануы мәселесі» Жетекшісі: Альджанова Н.К.
- AP19677835 «Қазақстан Республикасының заңнама саласындағы мемлекеттік тілге арналған семантикалық тәсілдерге негізделген интеллектуалды сұрақ-жауап үлгілерін зерттеу және жүйені әзірлеу» (0123РК00861) Жетекшісі: Рахимова Д.Р.
- AP19676342 «Қазақ тіліндегі кибер экстремизмнің идеологиялық бағыттарын жасанды интеллект әдістері көмегімен мультиклассификациялау» Жетекшісі: Мусиралиева Ш.Ж.
- AP19679514 «Мәтіндерді интеллектуалды талдауды және формальды ұғымдарды талдауды қолдана отырып," Блокчейн "доменінің тұжырымдамалық аппаратын зерттеу: оқыту әдістемесіне фокус жасау» Жетекшісі: Мансурова М.Е.
- AP19679313 «Баламалы көлік дәліздерін қалыптастыру жағдайында Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігі» Жетекшісі: Жекенов Д.К.
- AP19679699 «Қазақстандық жастардың діндарлығы/руханилығы, әл-ауқаты және бірегейлігі: салыстармалы елішілік зерттеу» Жетекшісі: Абдирайымова Г.С.
- AP19675827 «Әбу Насыр әл-Фараби іліміндегі тіл философиясы мен философия тілі» Жетекшісі: Курманалиева А.Д.
- AP19678157 «Су айдынының толымдылық деңгейінің жай-күйін мониторингілеудің бағдарламалық-аппараттық кешенін әзірлеу» Жетекшісі: Зиятбекова Г.З.
- AP19676457 «Білім беру телематикасындағы модельдеу және кері байланысты басқару» Жетекшісі: Керімбаев Н.Н.
- AР19678998 «Елдің мегаполистеріндегі смарт бағдаршамдардың нейрокомпьютерлік көрінісі» Жетекшісі: Бельгибаев Б.А.
- AP19679142 «Сызықтық шектеулер мен сызықтық функционалдығы бар модельдерде Байес желілерінде оңтайлы шешімдерді табу. Алгоритмдер мен бағдарламаларды құру» Жетекшісі: Шаяхметова А.С.
- AP19678207 «Толықтырылған шындықты пайдалана отырып, инклюзивті білім берудің бастауыш мектебінде «Цифрлық сауаттылық» курсын бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу» Жетекшісі: Рахимжанова Л.Б.
- AР19676900 «Жер үсті байланыстары үшін радиотолқындардың таралуын есептеудің жаңа әдістемесі» Жетекшісі: Саутбеков С.С.
- AP19679864 «Технологиялық ерітінділерден молибден мен вольфрамды ионалмастырғыш шайырлармен фракциялық сорбциялық бөлу технологиясы» Жетекшісі: Исмаилова А.Г.
- AP19679878 «Өсімдік биомассасының қалдықтарын СО2, N2 және CH4 сәтті ұстау және бөлу үшін микрокеуекті белсендірілген көмірге айналдыру» Жетекшісі: Кишибаев К.К.
- AP19678726 «Қазақстандық каолин негізінде медициналық-биологиялық мақсаттағы гемостатикалық композиттерді алу шарттарын әзірлеу» Жетекшісі: Оспанова А.К.
- АР19678156 «Магнитпен басқарылатын органофильді сорбенттер алу технологиясын әзірлеу» Жетекшісі: Тажибаева С.М.
- AP19675718 «Ясауи мұрасына жаңа көзқарас: қазақ дәстүрі мен Орталық Азиядағы сопылық тарихындағы «әулие» феноменін кешенді зерделеу» Жетекшісі: Нуртазина Н.Д.
- AP19676962 «Қарашық өңірінің ежелгі және ортағасырлық қалалары» Жетекшісі: Елеуов М.
- АР19680046 «Солтүстік-Шығыс Жетісу сақ ескерткіштері (Қоғалы алқабының материалдары бойынша)» Жетекшісі:
- АР19679652 «Қазақстанның қазіргі замандағы орыс прозасы: жетекші трендтер, жанрология, сюжет, кейіпкер» Жетекшісі:
- AP19680048 “Қазақстандық жастардың әлеуметтенуі мен мәдениетаралық өзара іс-қимылының негізгі факторы ретінде медиа сауаттылығын қалыптастыру мақсатында тілдік және медиа білім беруді интеграциялау әдістемесі” Жетекшісі:
- AP19676515 «Әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасындағы ізгі адам: компаративистік дискурс» Жетекшісі:
- AP19678231 «XIX-XX ғасырдың басындағы Қазақ даласындағы әлеуметтік «инженерия»: ерекшеліктері мен нәтижелері» Жетекшісі:
- АР19677518 «Қазақстанның жабайы өсетін өсімдіктерінен жаңа заттарды алудың ұтымды технологиясын жасау, оларды стандарттау және сынақ өндірісі» Жетекшісі:
- AP19680563 «Жүзімнің өнімділігін арттыру үшін биологиялық препараттарды әзірлеу» Жетекшісі:
- AP19679739 «Онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде пайдалану үшін моносахаридтер комбинациясы негізінде жаңа иммуномодулятор өндіру технологиясын әзірлеу» Жетекшісі:
- АР19677222 «Диенді және ацетиленді көмірсутектер мен олардың қоспаларын гидрлеу процестері үшін жаңа белсенді және талғампазды катализаторлар әзірлеу» Жетекшісі:
- AP14871403 «Тозуға төзімділігі жоғары гибридті еден жабындарын әзірлеу» Жетекшісі:
- АР19680419 «Қиын байытылатын жоғары көміртекті полиметалл кендерінен қорғасын және мырыштың өнеркәсіптік минералдарын флотациялаудың тиімділігін арттырудың ғылыми негіздемесі» Жетекшісі:
- AP19678248 «Көмір қышқыл газының композиттік сорбенттерін және оны биоэтанолмен синтез газға қайта өңдеу үшін модификацияланған катализаторларды дайындаудың іргелі аспектілерін әзірлеу» Жетекшісі:
- АР19679560 «Әр түрлі беттерді өңдеуге арналған микробқа қарсы қасиеттері бар жаңа полимерлі материалдарды әзірлеу» Жетекшісі:
- AP19679889 «Ауыр мұнай қалдықтарын бағалы техникалық өнімдерге және отын дистилляттарына кешенді өңдеу технологияларын жасау» Жетекшісі:
- AP19680131 «Алабұта мен бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктерден белсенді кешен алу және жаңа дәрілік зат жасау әдісін оңтайландыру» Жетекшісі:
- АP19676281 «Қазақстандық Artemisia түрлерінің химиялық бейіні және биологиялық белсенділігі» Жетекшісі: Жеңіс Ж.
- AP19679298 «Көрінетін спектр аймағында ауаны тазартуға арналған TiO2 негізіндегі гетероқұрылымды фотокатализаторларды әзірлеу» Жетекшісі: Уралбеков Б.М.
- AP19679428 «Деградацияланған пластикті сұйық және газ тәрізді көмірсутекті отынға термохимиялық кешенді өңдеу үшін, табиғи минералдар мен металлургия қалдықтарының каталитикалық қасиеттерін зерттеу» Жетекшісі: Досумова Б.Т.
- AP19679683 «Тұқымдарды қаптау үшін қорғаныш-ынталандырушы құрамдары бар модификацияланған полисахаридтер негізінде гидрогельдер алу технологиясын әзірлеу» Жетекшісі: Рахметуллаева Р.К.
- AP19676676 «Қазақстандағы адам популяциясының ішінде эхинококкоздын таралуың молекулярлық эпидемиологиялық картасын жасау» Жетекшісі: Исмаилова Г.Н.
- AP19675905 «SARSCov2 инфекциясынан кейінгі иммунопатологияның, жұқпалы және аутоиммунды аурулардың иммуногенетикалық және клиникалық предикторларын зерттеу» Жетекшісі: Тримова Г.Ш.
- AP19678348 "Ресей империясының күйреуі және қазақ мемлекеттілігінің жандануы: тарихи-құқықтық талдау" Жетекшісі: Нурпеисов Е.К.
- G-202304–70191 CRDF Global - «Өмір туралы ғылымдардағы биорисканы басқару» оқу құралын әзірлеу
- ERASMUS-EDU-2023-CBHE-STRAND-1 «Жерді басқару, қоршаған орта және қатты қалдықтар: Орталық Азиядағы білім және бизнес ішінде» LESLIE
- Зальцбург университетімен институтаралық келісім «Erasmus Key Action 1 Mobility for learners and staff»
- «Экспортты бақылау және таратпау деректер базасы» P244 NТSCECND
- «Қытай мен Қазақстанның дәрілік өсімдіктерін жинау, анықтау және өңдеу технологиясын зерттеу, сонымен қатар кептірудің сәйкес технологиялық сипаттамаларын талдау» 2020E01048
- «Орталық Азиядағы сусымалы дәмдеуіштер өсімдіктерінің ресурстары үшін аса критикалық көмірқышқыл газын алу құрылғысын қолдану бойынша зерттеулер»
- «Тұмау вирусына қарсы потенциалды ботаникалық формула» TSBICIP-IJCP-001-01
- «Экотуризм бойынша оқыту курсын әзірлеу» № 2022–118/a
- «MедиаТДМ журналистикасын даярлау және оқыту платформасы»
- «Аймақ – Орталық Азия: көші-қон мәселелері бойынша журналистік білім»
- CPEA-LT-2017/10061 «Микробтық биотехнология бойынша ғылыми негізделген жоғары білім беру желісі»
- NSLI-Y Американдық Кеңестерінің бағдарламасы - жоғары сынып оқушыларына арналған жазғы қарқынды курс (жазғы мектеп)
- «Педагогикалық білім берудегі мәдениетаралық тәсілдер: Швейцария-Қазақстанның салыстырмалы және зерттеушілік зерттеуі»
- «Орталық Азия мен Оңтүстік Азиядағы логистика және дипломатия»
- «Еуразияның соңы ма? Құрлықтық логистикалық конвергенция немесе аймақтық дипломатиялық айырмашылықтар»
- "Әлеуметтік интеграция және үшінші елдердің азаматтары үшін базалық қызметтерге қол жеткізу" Horizon Europe-MIF-2020-AG-call-02
- Америкалық Кеңестердің халықаралық білім беру бағдарламасы. Орыс тілі мен өңірді оқыту. (RLASP)
- «Қазақстан-Италия мәдени диалогы»
- «Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясатының эволюциясы»
- Марбург Филипп университетімен «Оқушылардың және қызметкерлердің Erasmus Key Action 1 ұтқырлығы» институтаралық келісімі
- «Жібек жолы: Испания-Қазақстан»
- «Ежелгі Италияның тілдері мен мәдениеттері, тарихи лингвистика және цифрлық модельдер»
- «Орталық Азиядағы итальяндық мәдениетті зерттеу және дамыту»
5. Әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасындағы ізгі адам: компаративистік дискурс. Дүйсенбаев А.
16. AP23488744 «Қазақстандағы саяси қатысу: динамикасы және кеңейту мүмкіндіктері». Насимова Г.
17. арбағатай өңірінің қазақтары: тарихиэтнографиялық зерттеу (ХІХ-ХХІ ғ. басы). Егізбаева Г.
30. AP23490282 – Қатты май өнімдерінің сапасын арттыру.