ТДМ 3. «Жаңа ғасырға дені сау ұрпақ»Farabi University

ТДМ 3. «Жаңа ғасырға дені сау ұрпақ»

23 қаңтар, 2025

Денсаулықты сақтаудың басты шарттарының бірі дұрыс тамақтану болып табылады. Тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн және тамақ құрамының құндылығы жайлы түсіндірілді. Дұрыс тамақтану салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылады, оның негізгі ережелері балалық шақтан берілуге ​​тиіс және өмір бойы сақталуы тиіс. Тамақтану пирамидасы – диетологтар ұсынған, дұрыс тамақтану принциптерінің схемалық түрі талданды. Семинар-тренингта магистранттарға күнделікті мәзірде ақуыздарды, микроэлеменнттердің болуын қадағалау. Газды сусындар мен фаст-фуд өнімдерін пайдаланбауға кеңес берілді. Тамақтануға байланысты халық мақал-мәтелдері айтылды. Студенттер арасында кең танымалға тез дайын болатын, әр түрлі химиялық қоспаларға толы тағамдар ие болғаны алаңдатады. Сондықтан дұрыс тамақтанудың заңдылықтарын сақтамау көптеген қауіпті аурулар дамуының факторы болады.

Қосымша тапсырма ретінде “Тамақтану пирамидасы” тақырыбында ғалымдардың еңбектері талқыланды. Іс-шара барысында студенттерге әр адам өз денсаулығын қадағалап, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстануы туралы түсіндірілді.

Қорытынды: Студенттер «Жаңа ғасырға дені сау ұрпақ» кураторлық сағатында Дұрыс тамақтану салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылады, оның негізгі ережелері балалық шақтан берілуге ​​тиіс және өмір бойы сақталуы тиіс. Тамақтану пирамидасы – диетологтар ұсынған, дұрыс тамақтану принциптерінің схемалық түрі талданды.