Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2011 жылы бұрынғы 1985 жылы ашылған шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті негізінде құрылған. Сол уақыттан бері факультеттің дамуы жолында маңызы зор, айтулы тарихи оқиғаларға толы кезең болды. Тәуелсіздік алған сәттен өзінің стратегиялық бағдары айқын, кемел келешек құру жолында нық қадам басқан мемлекетіміздің ең негізгі ғылыми-өндірістік бағытта сапалы маман даярлау ісінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетекші қызмет атқаруда.
Факультетті құрылғаннан бүгінге дейін әлемнің 100-ден астам елінен, атап айтқанда АҚШ, Германия, Англия, Испания, Италия, Швеция, Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Иран, Ауғанстан, Филиппин, Қытай Халық Республикасы, Йемен, Иордания, Египет, Сингапур, Моңғолия, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Латвия, Қырғызстан мемлекеттерінен келген 7000-нан аса шетелдіктер білім алды. Қазіргі уақытта факультет құрамында екі кафедра, колледж, бейіндік мектеп болашақ студенттерді дайындау үдерісін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Факультетімізде қызмет атқаратын 2 ғылым докторы, 16 ғылым кандидаты, 1 доцент, 2 PhD және жоғары білікті мамандар шетел азаматтарына қазақ және орыс тілдерін үйретуде жарқын жетістіктерге жетуде. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті заманауи озық технологияларды тиімді пайдаланып, қазақ және орыс тілдерін үйрету, дәріптеу арқылы қазақ тілінің халықаралық деңгейін көтеруге белсенді үлес қосуда.
Факультет ұстаздары тіл үйрету, меңгерту бағытында тиянақты қызмет атқарып, жүздеген ғылыми мақалалар, бірнеше монография, оқу құралдарын жарыққа шығарған. Факультетімізде тіл үйреніп, білімін шыңдаған факультет түлектері қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде өз мемлекеттерінде, халықаралық ұйымдарда, елшіліктер, білім, ғылым саласында жемісті қызмет етуде. Ұстаздардың жоғары білім деңгейі, мол тәжірибесі, айқын бағдары білім алушылардың болашаққа үлкен үміт артып, нық қадам басуына мүмкіндік береді.
Құрметті, жас талапкер! Сен өз болашағыңды баянды ету жылдарын біздің факультетімізде өткізеді деген ойдамыз!