Тіркеуші кеңсесі
- білім алушының оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркейтін және білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет. Тіркеу кеңсесі университеттің құрылымдық бөлімі және Басқарма мүшесі – оқу ісі жөніндегі проректорға бағынады.
Тіркеуші кеңсесі өз қызметін жүзеге асыру кезінде білім және ғылым саласындағы қолданыстағы Заңнаманың нормаларын, Университет Жарғысын және Тіркеуші кеңсесі туралы Ережені басшылыққа алады.
Тіркеу кеңсесінің негізгі міндеті – университет факультеттерімен тығыз байланыста білім алушыға өзінің басты мақсаты – таңдаған мамандығы бойынша білім, біліктілік, дағдылар мен құзыреттердің жоғары сапасымен білім алуына көмектесу. ҚазҰУ-дағы бірыңғай Тіркеу кеңсесінің жұмысы – жоғары білім берудің заманауи кредиттік жүйесін толық енгізудегі тағы бір қадам.