ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Университет дамуының негізгі векторы – интернационалдандыру. Университет 500-ден астам шетелдік жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен халықаралық келісім орнатқан.

Әр оқу жылы ҚазҰУ-да әлемнің 30 елінен 100-ден астам шетелдік профессорлар мен ғалымдар дәріс оқиды.

Сондай-ақ, университеттің 40-тан астам профессоры Венгрия, Германия, Моңғолия, Франция, АҚШ, Ресей, Түркия, Өзбекстан және де басқа елдердің университеттерінде дәріс оқыды.

Жыл сайын шетелдік студенттер контингенті өсуде – әлемнің 30 елінен 2,5 мыңнан астам шетелдік бакалавриат, магистратура және докторантурада оқиды.

Бүгінгі таңда стратегиялық мемлекеттік және халықаралық мақсаттарға қол жеткізу үшін университетіміздің әлеуеті орасан зор. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болашақ дамуы - әлемдік деңгейдегі ғылыми университетке айналуы мен халықаралық білім беру және ғылыми кеңістікте жоғарылауы.

ҚазҰУ еліміздегі білім беру қызметтерінің жетекші экспорттаушысы ретінде университет филиалдарын ашты. Олар Түркия, Стамбул қ. (11 мамыр 2022ж.) және Қырғызстан, Бішкек қ. (26 мамыр 2022ж.). 

1 маусым 2022ж. ҚазҰУ-да Ұлттық зерттеу ядролық университетінің "Мәскеу инженерлік физика институты" филиалы ашылды.


 

ҚазҰУ шетелдік серіктес университеттермен бірлескен және қосдипломды бағдарламаларын жүзеге асырады:

М.В.Ломоносова атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

Ла-Сапиенца университеті (Италия)

Висмар университеті (Германия)

Лотарингия университеті (Франция)

Реймс Шампань-Арденна университеті (Франция)

Лилль университеті (Франция)

Н. Коперник атындағы Торун университеті

Кадис университеті (Испания)

Лиссабон университеттік институты (INCSTE) (Португалия)

Халықаралық университеттер желісі аясындағы серіктестік:

Әлемдік университеттер концорциумы

Еуразиялық университеттер ассоциациясы

Университеттердің Ұлы хартиясы

Әлеуметтік жауапкершілік университеттер желісі

Халықаралық инженерлік мамандықтардағы студенттердің тағылымдамамен алмасу ассоцияциясы

Еуразия-Тынық мұхиты университеттер желісі

IREG – Халықаралық академиялық рейтинг және үздіктер обсерваториясы

Шанхай ынтымақтастық ұйымының университеті

Жаңа Жібек жолы университеттер альянсы

Халықаралық университеттер ассоцияциясы

ТМД университеттерінің желісі

Жібек жолы университеттері желісі