Биология және биотехнология факультеті
Биология және биотехнология факультеті – республикадағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың бірі. Биология және биотехнология факультетінің биолог мамандар даярлаудан 90 жылдық тәжірибесі бар. Факультет түлектері арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар кәсіпкерлер де бар. Олар қазіргі оқу бітірушілерге жұмыс беруші бола тұрып, сонымен қатар олардың білім бағдарламаларын дайындауға, студенттердің үздіксіз тәжірибеден өтуін қамтамасыз етуге белсенді атсалысады. Факультет түлектері ҚР ғылыми-зерттеу институттарында; биология, биотехнология, ауыл шаруашылығы, экология салаларында; фармакология және криминалистика салаларында; генетика, молекулалық биология салаларында; гендік инженерия саласында; медициналық орталықтарда; білім беру орталықтарында; білім беру мекемелерінде білікті мамандар ретінде қызмет атқарады.
Декан
Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы, б.ғ.д., профессор, Meruyert.Kurmanbayeva@kaznu.edu.kz
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 6, 209-деканат
Факультет
Құрметті достар!
Біз сіздерге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетіне қош келдіңіздер дейміз!
Биология және биотехнология факультеті 1934 жылы Қазақ мемлекеттік унивверситеті ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды даярлау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес, биология және биотехнология факультеті деп аталады.
Біздің факультет – 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды даярлау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес, биология және биотехнология факультеті деп аталады. Бүгінде бұл факультет ірі оқу-ғылыми орталығына айналған, оның екі ҒЗИ-ында студенттер мен оқытушылар биология және биотехнология мәселелері, экология мәселелері, сонымен қатар заманауи биология, биотехнология, биомедицина, балық шаруашылығы бағыты бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді.
Факультет құрамында төрт кафедра бар:
- биоалуантүрлілік және биоресурстар;
- биотехнология;
- молекулалық биология және генетика;
- биофизика, биомедицина және нейроғылымдар;
сондай-ақ биоклиника және агробиостанция.
Факультеттің ерекше бөлімі – Биология музейінде бірегей зерттеу объектісіне жататын массалық, эндемик, сирек түрлердің 5000-нан астам нұсқадан тұратын қоры бар.
Қазіргі уақытта биология және биотехнология факультетінде 1500-ден астам студент, магистрант және PhD докторант білім алады. "Биолог", "биотехнолог", "балық өсіруші" мамандарын даярлауға жоғары маманданған оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер ұжымы қатысады. Магистранттар мен PhD докторанттар әлемдік жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарда тәжірибе жинақтайды.
Жұмыс берушілер мен ҚР Ұлттық ғылым академиясы институттарының ірі ғалымдары мен жетекші мамандары студенттердің білім алуына өз үлестерін қосуда. Факультет 1934 жылдан бері әртүрлі биологиялық ғылым саласы бойынша 15 мыңнан астам мамандарды дайындады, олар ғылыми-зерттеу орталықтарында, өндірісте, республикамыздың орта және жоғары оқу орындарында, алыс және жақын шетелдік білім беру мекемелері – Гарвард, Техас, Вирджиния, АҚШ, Франция, Канада, Ұлыбритания, Германия, Ресей университеттерінде қызмет атқарады. Факультет түлектері арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар кәсіпкерлер де бар. Олар қазіргі оқу бітірушілерге жұмыс беруші бола тұрып, сонымен қатар олардың оқу жоспарларын құруға, студенттердің үздіксіз тәжірибеден өтуін қамтамасыз етуге белсенді атсалысады.
Факультет оқытушылары өздерінің белсенді халықаралық байланыстары нәтижесінде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі үшін әлемдік алдыңғы қатарлы ғылым орталықтары мен университеттерінде студенттерге 1-2 семестр оқуға мүмкіндіктер жасайды, ал ол оқу нәтижесі екі дипломдық бағдарлама бойынша, яғни студенттерге ҚазҰУ және шетел университеттерінің дипломын алып шығуға үлкен мүмкіндік береді. Факультеттің оқытушылары мен студенттері әрдайым шет тілі бойынша білімдерін жақсартуда. Факультетте мамандық бойынша ағылшын тілінде оқытатын топтар құрылды. Жыл сайын факультетте 30-дан астам шетелдік университеттің ғалымдары биология және биотехнологияның заманауи бағыттары бойынша дәрістер оқиды және шеберлік сыныптарын жүргізеді.
Біздің барлық студенттеріміз ғылыми жұмыспен айналысады және студенттер осы жұмыстары үшін төлемақы алады. Студенттерге ғылыми мәлімдемелерімен шетелде ғылыми конференцияларға, халықаралық олимпиадаларға барып қатысуға жағдай жасалған.
Құрметті талапкер! Егер де сіз сапалы білім алғыңыз келсе әрі заманауи мамандықтардың иесі болуды қаласаңыз, мансаптық өсу сатысының әрдайым жоғарылауын қамтамасыз еткіңіз келсе, біз сізді сапалы білім мен ғылыми зерттеулер жүргізуге барлық жағдайлар жасалған биология және биотехнология факультетінде күтеміз.
Қызықты да керемет оқиғаларға толы студенттік жылдарға қош келдіңіздер!
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Бағдарлама биология саласында практикалық дағдылары, құзыреттілігі бар, ғылыми-зерттеу, табиғатты қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа да мекемелерде жұмыс істеуге қабілетті жаратылыстану бакалаврын қалыптастыруға бағытталған.
Биологияға, медицинаға, биотехнологияға және басқа салаларға арналған қазіргі заманғы жабдықта жұмыс істеу дағдылары мен ғылыми ізденістің қазіргі заманғы әдіснамасын меңгерген биомедицина саласында жоғары білікті бакалаврды дайындау
Биотехнологияның қазіргі жай-күйін, проблемалары мен даму перспективаларын бағалауға қабілетті ғылыми-зерттеу және диагностикалық мекемелер мен өндірістік кәсіпорындар үшін мамандарды сапалы даярлау; қоғамның биотехнологиялық өнімге қажеттілігін айқындау, биотехнология саласындағы кәсіби проблемаларды шешу, өндірістік міндеттерді кәсіби тілде тұжырымдау және оларды заманауи технологиялардың көмегімен іске асыру
Ғылыми-зерттеу, диагностикалық мекемелер мен өндірістік кәсіпорындар үшін мамандарды сапалы даярлау. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, маманның жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: микробиология саласындағы кәсіби мәселелерді шешу, зертханалық және өндірістік жағдайларда микроорганизмдерді идентификациялау; әр түрлі өндірістің зиянкестер-микроорганизмдерін сипаттау және олармен күресу әдістерін пайдалану; жұмыс үшін қажетті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; микробиологиялық қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, эксперименталды жұмысты жоспарлау; жеке білім траекториясын құру.
Бағдарлама жалпы және молекулалық генетика саласындағы теориялық білімдерімен, далалық және зертханалық жағдайларда генетикалық зерттеулер жүргізудің практикалық дағдыларымен бәсекеге қабілетті маманды даярлауға бағытталған.
және ғылыми-зерттеу мекемелері, өндірістік кәсіпорындар үшін жоғары сапалы мамандар даярлау. Бұл мамандар аспаптар мен жабдықтар жасауға, пәнаралық білімге негізделген жаңа процедураларды жасауға, жаңа мәселелерді шешуге арналған жаңа ақпарат алуға бағытталған зерттеулерге қатысады. Білім беру бағдарламасын іске асыру келесі қабілеттерге ие маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: негізгі биологиялық макромолекулалардың құрылымын, биотехнологиялық процестерді білу негізінде биологиялық инженерия саласындағы кәсіби мәселелерді шешу; ықтималдық пен статистиканың негізгі ұғымдарын; статистикалық әдістер мен биоинженерия мәліметтеріне байланысты ықтималдылықты бөлу сызбаларын қолдану; диагностикалық, профилактикалық және емдік медициналық және ветеринариялық препараттарды жасауға бағытталған перспективті және инновациялық биомедициналық технологияларды жасау; суреттерді өңдеудің негізгі технологияларын қолдану, диагностикалық және визуальды өлшеу жүйелерін жобалау және талдау; жеке білім алу траекториясын қалыптастыру. жеке оқу траекториясын құру.
Білім беру бағдарламасының мақсаты балық шаруашылығы саласында теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, далалық және зертханалық жағдайларда балық шаруашылығын зерттеу әдістерін еркін меңгерген, балық шаруашылығы, балық шаруашылығы, гидробиология, ихтиология және балық шаруашылығының басқа да кәсіптік салаларында қойылған практикалық міндеттерді орындай алатын бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Нейроғылым саласындағы бәсекеге қабілетті, өздерінің кәсіби қызметінде моральдық-этикалық қағидаларды басшылыққа алатын және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттіліктерге ие болатын; қауіпсіз және жасанды интеллекттің тиімді технологияларын дамыту барысында ғылыми-зерттеулер мен қолданбалы жұмыстарды жүргізуде пәнаралық нейроғылымдық тәсілдер тұрғысынан нейроғылымның заманауи тұжырымдамалары мен әдістерінің негізінде ғылыми, медициналық және әлеуметтік-өндірістік салалардағы, мемлекеттік және кәсіпкерлік құрылымдардағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын; қалыпты және патология жағдайларында мидың қызметін зерттеу кезінде диагностикалық алгоритмдер жасайтын, ұйымдарға арналған нейро-тренингтерді жоспарлауға және өткізуге, нейроғылымдағы тиімді стратегияларды анықтауға қабілетті мамандарды даярлау.
Аквакультура, жасанды балық өсіру және су биологиялық ресурстары саласында жоғары сапалы деңгейде теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Білім беру саласында оқытушы және оқу-ғылым орталықтарында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс жасау мақсатында биология, психология және педагогика бойынша жүйелі білімді меңгерген, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарының қазіргі жетістіктері туралы тұтас түсінігі қалыптасқан жоғары білікті мамандар дайындау
Сыртқы және ішкі еңбек нарықтарында табысты бәсекеге түсуге және биология мен сабақтас ғылыми салалардағы білімдерін өзіндік ғылыми зерттеу контексіне дербес біріктіруге қабілетті биомедицина саласындағы пәнаралық мамандарды сапалы даярлау
Бағдарлама өзінің күшті және әлсіз жақтарын сыни бағалауға, бәсекеге қабілетті, білікті маман тұлғасын дамытуға, сондай-ақ биотехнологиялық өнімдерді қазақстандық талаптарға және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес басқару жүйесін енгізуге бағытталған.
Бағдарлама биология, медицина, биотехнология, ауыл шаруашылығы және экология саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шешу үшін генетикалық зерттеулер жүргізуде теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, жалпы және молекулалық генетика саласында бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған
Кәсіби-мамандандырылған құзыреттілік жүйесі бар, геоботаника саласындағы теориялық және практикалық мәселелерде толық меңгерген, жер шарының барлық аумағы өсімдіктердің таралу заңдылықтарын зерттейтін бәсекеге қабілетті өз бетінше оқу, ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметін ынталандыруға бағытталған
Бағдарлама қазіргі заманғы молекулалық-генетикалық әдістерді, цифрлық технологияларды және деректерді талдау әдістерін меңгерген, генетика, биология, биотехнология, экология және криминалистика және IT-генетика бойынша маманның білімі мен дағдыларын талап ететін кәсіби қызметтің басқа да салаларындағы қолданбалы міндеттерді шешуге қабілетті жалпы және молекулалық генетика саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған
Бағдарлама кәсіби және жеке құзыреттілікке, зерттеу және аналитикалық дағдыларға ие жоғары білікті биолог-мамандарды даярлауға бағытталған. Жалпы биология, экология, биомедицина, биотехнология салаларында ғылыми-зерттеу, экологиялық, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық, ауыл шаруашылық, білім беру меемелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарда базалық білімдерін тиімді жүзеге асыра алатын, білімдерін және дағдыларын тиімді пайдалана алатын мамандар даярлауға бағытталған
Ғылыми-зерттеу институттары мен тамақ өндірісі үшін мамандарды сапалы даярлау. Білім беру бағдарламасын іске асыру келесі қабілетті маманның жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: • заманауи әдістер мен технологияларды қолдана отырып тағамдық биотехнология саласындағы кәсіби мәселелерді, өндірістік міндеттерді шешу; • ферментативті және микробиологиялық процестерді, гендік инженерия әдістерін тамақ өнімдерінің технологиясында қолдану; • тағамдық комбинаториканың жаңа зерттеу әдістерін қолдана отырып өндірісті бақылау; • тамақ қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын бағалау; шикізат пен дайын тамақ өнімдерінің сапасына бақылау жүргізу; •
Білім беру бағдарламасының мақсаты терең теориялық және практикалық білімі бар, кәсіби және ғылыми құзыреттері мен дағдыларын меңгерген, аквакультура және су биологиялық ресурстары саласында ғылымның, білімнің және өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік, ғылыми – зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін, педагогикалық қызметті дербес орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Жасуша биологиясының маңызды мәселелерін шешуге қабілетті кадрларды, биология ғылымдары саласындағы жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау
Жаратылыстану және биомедицина саласындағы заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қабілетті, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу, басқару және оқытушылық қызметті жүзеге асыратын биомедицина саласында жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Қазіргі заманғы жаратылыстану мен биофизиканың негізгі принциптерін түсіндіруге қабілетті; қазіргі заманғы ғылыми ізденістің әдіснамасы мен заманауи медико-биологиялық эксперименталды құрылғылармен жұмыс істеуді білетін, биофизика мен биологияның жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеуге және интерпретациялауға қабілетті, осы білімді диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру кезінде одан әрі қолдану мақсатында және зерттеу объектісін барабар сипаттау негізінде дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға дайын, биофизиканың перспективті инновациялық бағыттарын дамытуға арналған проекциямен әдіснаманы таңдай алатын биофизика саласындағы жоғары білікті пәнаралық маманды сапалы даярлау. Биофизик-маман өзінің және басқа да ғылыми қызметінің қандай да бір өніміне баға береді және оның маңыздылығын анықтай алады, олардың жұмыс тілін пайдалана отырып, ғылыми пікірталастарда өзінің ғылыми пікірін дәлелді түрде бере алады және қорғай алады; жаңа перспективті құралдарды құру және өз нәтижелерін практикалық пайдалану және енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында зерттеудің қазіргі заманғы теориялық және эксперименттік әдістерін игеруге қатысуға дайын.
халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, ғылымның, білімнің, менеджменттің және өндірістің заманауи талаптарына жауап беретін, биотехнология және сабақтас пәндер саласында жан-жақты білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау
Генетика, молекулярлық биология және геномика бойынша сыни ойлайтын, терең білімді, оқытуға қабілетті және пәнаралық зерттеулерді өз бетінше жүргізе алатын, генетиканың, биологияның, медицинаның және ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларында қолдану үшін жаңа генетикалық технологиялар мен диагностикалық әдістерді әзірлеуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
Бағдарлама экономикалық қызметтің әртүрлі салаларына геоботаниктерді даярлауға, докторанттарды даярлау деңгейіне қойылатын міндетті талаптарды қанағаттандыра отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және педагогикалық білімнің жоғары сапасына қол жеткізуге бағытталған.
балық шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылымның, білімнің және өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ғылыми – зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін, педагогикалық қызметті өз бетінше орындауға қабілетті, кәсіби және ғылыми құзыреттері мен дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау.
Пәнаралық бағыттың заманауи әдіснамасына негізделген ғылым, экономика, денсаулық сақтау, ұлттық қауіпсіздік және білім беру салаларындағы нейротехнологияның өңделуі мен қауіпсіздігі, интегративті нейроғылымның ғылыми-зерттеу, практикалық, сараптамалық-аналитикалық әрекеттері жүзеге асатын жаһандық еңбек нарығының талаптарына жауап беретін; әлемдік нейроғылымның дамуына үлкен үлес қосатын, халықаралық ғылыми қауымдастыққа енетін, қоғамның технологиялық прогресі мен әлеуметтік-мәдени дамуына ықпал ететін ғылыми зерттеулер үшін моральдық-этикалық жауапкершілікті көтеретін ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға қабілетті, әмбебап және пәндік-мамандандырылған құзыреттерге ие, нейроғылым саласындағы халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау.
Медицина, ауыл шаруашылығы, ветеринария, экология және әртүрлі өндіріс орындарындағы өзекті мәселелерді шешу үшін вирусология саласында жоғары білікті, кәсіби құзыреттікке ие ғылыми-педагогикалық және өндірістік-басқарушы мамандарды дайындау
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",
тел. +7 727 377 33 30 мекен-жайы бойынша.
Телефон номері : +7 727 221-10-00, +7 727 221-10-10.
Ішкі: 1000
Магистратура және докторантура: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",
тел. +7 727 377 33 30 – Қабылдау комиссиясы
Ішкі: 1000