Филология факультеті

Ұлтымыздың ұлы тұлғалары М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Балақаевтар негізін қалаған филология факультетінің тарихы терең, дәстүрі бай. Факультетте қазақ әдебиетінің классигі, шығармалары әлем әдебиетінің алтын қорынан орын алған академик-жазушы Мұхтар Әуезов отыз жылға таяу еңбек етті. Факультетте әр жылдары тіл мен әдебиеттану ғылымының республикаға белгілі аса көрнекті ғалымдары ұстаздық қызмет атқарды. Академик-жазушы Зейнолла Қабдолов, филология ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, академик Рымғали Нұрғали, филология ғылымының докторы, профессорлар Кәкен Аханов, Хайролла Махмұдов, Майя Бағызбаева, Талғат Сайрамбаев, Алма Қыраубаевалар – жарқын жүздері жадымызда жатталып қалған, біз мақтан тұтар ұлағатты ұстаздар. Филология факультетін бітірген түлектер арасынан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері шықты. Олардың ішінде Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Уәлихан Қалижанұлы, Жансейіт Түймебаев, Алдан Смайыл сынды дара тұлғалар бар. Атақты ақын-жазушылар Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай Молдағалиев, Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржекеев сынды қазақ руханиятындағы орны бөлек ақын-жазушы түлектерін факультет қашанда мақтан тұтады.

Декан

Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы

+7 (727) 377-33-39(1322)

Факультеттің мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 71, Корпус ГУК1

Видеопрезентация