ҚАЗҰУ ФИЛИАЛДАРЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ ЫСТАМБҰЛДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Түркия Президенті Тайип Эрдоған мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздері барысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан ары дамытудың перспективаларын жан-жақты талқыланды.

Нәтижесінде, Президентіміздің 2022 жылдың 11 мамырында жасаған ресми іссапары кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ыстамбұлдағы филиалы ашылды. Әлемдік ғылым кеңістігіне батыл қадам басқан университетіміздің өрісі кеңейіп, ғылым мен білімнің озық әдістерін, ұтқыр ұғымдарын игеру үстінде.

 

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ БІШКЕКТЕГІ ФИЛИАЛЫ

2022 жылдың 26 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында Қырғызстанның Бішкек қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Президенті, Қырғызстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі және Қырғызстан Республикасының Білім және ғылым министрі қатысты.

ҚазҰУ Басқарма төрағасы – Ректоры Ж.К. Түймебаев Бішкектегі филиалда бакалавриат және магистратура бойынша 13 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілетінін мәлімдеді.

Білім беру бағдарламалары

Қазіргі таңда бакалариат бойынша келесідей білім беру бағдарламалары жүзеге асуда:

  • 6B05108 Биомедицина;
  • 6B04205 Юриспруденция;
  • 6B06103 Компьютерлік инженерия.

Директор: Шейшенов Жамин

Адрес: Кыргызская Республика г. Бишкек, ул. Турусбекова 109/2

Байланыс телефоны: +996507708898 (Абдыжапарова Элина Абдыжапаровна – менеджер)

E-mail: alfarabi.kg@kaznu.kz

 

 

 

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-дағы  «МИФИ» ҰЯЗУ-дың  ФИЛИАЛЫ

2022 жылғы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің келісімі аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті филиалы ашылды.

«МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті филиалының бірегей білім беру бағдарламалары болашақ мамандықтарына бағдарланған және инженерлік білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.

ҚазҰУ ғылым мен білімді дамыту саласында шетелдік және ресейлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың бай тәжірибесіне ие.

Білім беру бағдарламалары

Қазіргі таңда бакалавриат бойынша келесідей білім беру бағдарламалары жүзеге асуда:

  • 6B06101 Защищенные высокопроизводительные вычислительные системы;
  • 6B05301 Физика элементарных частиц и космофизика;

магистратура

  • 7M06101 Защищенные высокопроизводительные вычислительные системы и технологии.

Жетекшісі: Давлетов Аскар Ербуланович

Адрес: Республика Казахстан, г. Алматы, проспект Аль-Фараби, 71/23 (КазНУ имени аль-Фараби, Физико-технический факультет)

Байланыс телефоны: +7 700 175 7777 (Нуркасым Арнур – Қабылдау бөлімінің меңгерушісі)

                                        +7 707 522 2314 (Турбекова Айдана Галымовна – Жетекші орынбасары)

E-mail: AEDavletov@mephi.ru