Farabi University

Мурзаходжаев Қуаныш Мәдиұлы

23 желтоқсан 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6D020300 – «Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Мурзаходжаев Қуаныш Мәдиұлының «ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басында Қазақстандағы джадидтердің мәдени-ағартушылық қызметі» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Махаева Айткүл Шайымқұлқызы – тарих ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Әлем тарихы кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: «07.00.02 – Отан тарихы».

2. Бисембаева Ляззат Амандыкқызы – PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының, Тарих кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы: «07.00.02 – Отан тарихы».

Ғылыми жетекшілер:

1. Тулибаева Жулдыз Мусаевна – тарих ғылымдарының докторы, Сүлейман Демирел университетінің (SDU University) профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

2. Уяма Томохико – PhD, Хоккайдо университетінің профессоры, (Саппоро қ., Жапония).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Батырбекқызы Гауһар – PhD, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті (Шымкент қ., Қазақстан).

2. Наурызбаева Эльмира Кенжеғалиқызы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор (Қостанай қ., Қазақстан).

3. Джумашев Аскар Мамбетович – т.ғ.д., профессор, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Қарақалпақ гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің ғылыми-зерттеу институтының тарих бөлімінің меңгерушісі (Нүкіс қ., Қарақалпақстан).

Қорғау 2025 жылдың 23 желтоқсанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “6D020300, 8D02206 – Тарих, 8D02207-Музей ісі және ескерткіштерді қорғау, 8D02205, 6D020800 - Археология және этнология, 8D03206 - Кітапханалық ақпарттық жүйелер, 8D03205 - Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету” мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және офлайн аралас формат түрінде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/99036302921?pwd=hehSZ0Aauy9szHlWoxgzdROuISa1XU.1

Идентификатор: 990 3630 2921

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы